Шығыс Қазақстан облысының судьялары Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы бойынша комитетінің кеңейтілген отырысының жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскеменде Комитет төрағасы Нұрлан Әбдіров кеңейтілген отырыс өткізді.

Отырыс жұмысына мәжілісмендерден басқа облыс судьялары, құқық қорғау органдарының және облыс әкімдігінің қызметкерлері, бірқатар мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП-ның, бизнес қауымдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңесті аша отырып, Н.Әбдіров Парламенттің, құқық қорғау органдары, сондай-ақ сот корпусының бірлескен және сындарлы жұмысының арқасында ғана Елбасының азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын сақтау, заңдардың қатаң орындалуы және қоғамда құқықтық тәртіптің нығайтуы бойынша қойылған міндеттерінің орындалуына қол жеткізу мүмкіндігін атап өтті.

Үкіметтің 2017 жылдың заң шығару жұмысы Жоспарының 10-бөлігін орындау аясында, депутаттар қатысушыларға бүгінгі күні қаралып жатқан  ӘҚБтК-тегі және қолданыстағы басқа да бірқатар заңнамалардағы өзгерістердің жобалары туралы айтып берді.

Кеңейтілген отырыста бірқатар мемлекеттік органдардың, оның ішінде әділет министрлігі,  судьялар, Бас прокуратура, Республикалық адвокаттар алқасы, және сот орындаушыларының ҚР ӘҚБтК-тің құқық қолдану туралы ақпараттары тыңдалды.

Отырыс барысында, облыстық соттың  төрағасы Нұрлан Қайырбеков «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасына  ұсыныстарымен баяндама жасады. Осы ретте ол өз сөзінде, сот органдарының  міндеті,  мемлекеттік және мемлекеттік өмірде туындайтын қақтығыстар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, заң бұзғандарды жазалау болып табылатынын атап өтті. Н.Қайырбековтің айтуынша, қазіргі заманғы қоғам үшін қауіпті қылмыс ғана емес, сонымен бірге  әкімшілік құқық бұзушылықтағы қылмыстың алды ретінде қауіптілік төндіреді. «Әкімшілік жауапкершілік заңға бағынатын мінез-құлықтың қажетті стимуляторы және қоғам мен мемлекет алдындағы моральдық құқықтық борыш сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді», - деді ол.

Депутаттар атап өткендей, заң жобасы Мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын орындау мақсатында әзірленген.  Заң жобасы әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, әкімшілік-процестік нормаларды жүйеге келтіруге, жекелеген әкімшілік –құқықтық және процестік институтарды жетілдіруге бағытталған. Әкімшілік-деликтілік заңнаманы ізгілендіру шеңберінде әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендету, алдын алу институтын қолдануды кеңейту, жазалау түрлерін оларды ізгілендіру жағынан қайта қарау, қысқартылған іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ, айыппұл сомасы жалпы сомадан 30 % шегінде қысқартылуы мүмкін субъектілер, соның ішінде  заңды тұлғалар, тізбесін кеңейту ұсынылды.

Заң жобасы адамның құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғалу дәрежесінің сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.  

Кездесудің соңында ведомстволардың басшылары ӘҚБтК заңнамасын жақсартуға және оңтайландыруға қатысты ұсыныстар жасады.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі