Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мемлекет кірісіне өндіріп алу жүзеге асырылған сот актілерін орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық және аудандық соттың судьялары, облыстық прокуратура, Әділет департаментінің өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты.

Іс-шараны облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Қасейінов ашты. Ол сот актілерін орындау мемлекеттегі сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын айқындайтын құқықтық практиканың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті. 

Іс-шара барысында облыстық соттың судьясы Мұрат Мұқанов әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыны орындаудың қиындық туғызатынын айтты. Сонымен бірге, қатысушылар облыс соттарында қаралған азаматтық істер бойынша мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалмау себептерін талқыға салды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы сот актілерін орындау барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша баяндама оқыды. Орындау әрекеттерін реттейтін заңдарды қолдану тәртібін, аталмыш санаттағы орындаушылық іс жүргізу бойынша туындайтын мәселелер және оларды шешу мүмкіндіктері мен өзара ынтымақтастық тәсілдері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті ұсынымдар қабылдады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі