Солтүстік Қазақстан облысының судьялары салық даулары бойынша істерді қарау мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық соты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыны базасында өңір судьяларының, прокуратура, Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдерінің қатысуымен «Салық даулары бойынша істерді қарау практикасын талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шарада судья Серікбол Сапарғалиев, Бердібек Мұстафин сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымда қабылданған «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» № 4 нормативтік қаулысы мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Жекелей алғанда, мерзімінде төленбеген лицензиялық жинақ сомасы салықтық берешек болып табылмайтындығы туралы түсінік толықтай қолдау тапты, олар бойынша соттан тыс өндіріп алу шаралары қарастырылмаған, сәйкесінше, мемлекеттік кіріс органдары оларды өндіріп алу туралы талап қоя отырып, сотқа шағымдануға құқылы.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларының арасында заңды және жеке кәсіпкерлердің тіркелуін, қайта тіркелуін, мәмілелерді заңсыз деп тануға байланысты мәселелер ерекше пікірталас тудырды.

Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерін камералдық бақылау нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаларды орындамау жағдайында жоспардан тыс тексерістерді тағайындау мәселелері қызықтырды.

Іс-шара қатысушылары заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметін мәжбүрлеп тоқтату және жою, осындай талап қою арыздарын беру құқықтары, аталған санаттағы істерге қатысушы тұлғалардың құрамы мен негіздемесі мәселелерін талқылады.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары Жанар Кенжебаева мен Гүлзия Ыдырысова өңірдегі салық дауларын қарау практикасының тұрақтылығын, салық қызметі органдары тарапынан салықтық тексеріс және салықтық бақылаудың басқа да түрлерін жүргізу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау, салық төлеушілер мен мемлекет мүдделерін тең ескеру мақсатында сотқа өтініштерді мұқият дайындау қажеттігін атап өтті. 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі