Сот ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тараз қалалық №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (ары қарай ҚР ҚК) 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен- 291 бабының  1 бөлігімен /Ұрлық, тұрғын үйге заңсыз кіру, қызметтік немесе өндірістік мекемеге; қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу / айыпталып сотқа берілген М-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Іс материалынан, 18.11.2016 жылы сағат 03.00 сағатта, сотталушы М. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, Тараз қаласы Қазакова көшесінде орналасқан  үйдің дуалынан секіріп түсіп, тұрғын жер-үйге заңсыз кіріп диванның құпия қорынан жәбірленуші А-ға тиесілі 400 000 теңгені ұрлағаны анықталған.

Тергеушілердің болжамы бойынша сотталушы М. қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру мақсатында үйдің көлікжайына кіріп текшелерінде тұрған ТОЗ-25 үлгісіндегі 16 калибрлік қосаусыз аңшы мылтығын, ИЖ-58 маркалы 16 калибрлік аңшы мылтығын және 16 калибрлік 3 қорап оқтарын жымқырып оқиға орнынан таса болған, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А-ға барлық сомасы 548 000 теңге материалдық залал келтірген.

Сотта жәбірленуші А. сотталушы М. оның мүлкін ұрламағандығын, мүліктік залалды сотталушы М-дан өндіру туралы азаматтық талап тілегінен бас тартатынын айтқан, сотқа, ұрлық жасаған адамның кім екенін білетінін, нақты өзінің көрші тұратын тұлғасы екенін жорамалдап, бірақ, атап айтудан бас тартып, қылмыскерді құқық қорғау органдары анықтау керек екенін айтқан.

04.09.2017 жылғы соттың үкімімен ҚР ҚК-нің  188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен - 291 бабының  1 бөлігімен М-ға қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ болуына байланысты ақтау туралы үкім шығарылған, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып сот залынан босатылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі