Соттарда электрондық цифрлық қолтаңба алу - қолжетімді әрі жедел іске асатын процесс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану Жоғарғы Соттың басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жоғарғы Соттың 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа талап- арыздарды, апелляциялық шағымдарды, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты және электрондық түрде өтінішті, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ іс бойынша мәртебесін көруге және т.б. мүмкіндігін береді.

Бұл үшін «Сот кабинеті» сервисінде стандартты тіркеуден өту, қолданушылық келісімге қол қою және сотқа электрондық құжат нысанында құжаттарды беру туралы ұсынымдарымен танысу қажет. Сервистің артықшылығы компьютер, интернет және электрондық цифрлық қолтаңба бола тұра, талап-арызды кез келген уақытта беру мүмкіндігінен тұрады.

Жоғарғы Сот Ақпарат және коммуникация министрлігімен  және КЕАҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен» бірлесіп іске асырылған пилоттық жоба аясында электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтар үшін республиканың жеке соттарында оны алуға мүмкіндік берілді.  

Пилоттық жоба азаматтарға сот ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен электрондық цифрлық қолтаңбаны беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуді көздейді. Азаматтар сотта тікелей электрондық цифрлық қолтаңбаны алады, ол үшін сот ғимаратында тұрған Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгіну қажет. Электрондық қолтаңбаны алу рәсімі мемлекеттік корпорацияға  ұсынылғанынан ешқандай айырмашылығы жоқ.

Қолын алғаннан кейін өтініш берушіде сол кезде сот кеңсесі қызметкерінің көмегімен «Сот кабинеті» сервисі арқылы өз талап-арызын немесе өзге де арызды сотқа жіберу, талап-арыздың қозғалысы, қаралуы, сот актілерімен танысуды, шағымдануды өзінің жеке кабинетінде қадағалауға мүмкіндік алады.

Облыс орталықтарында және Алматы, Астана қалаларында орналасқан соттарда  анықталған  қолжетімді жүктеме есебін ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 31 қазаны аралығында жоба жүзеге асырылады.

Жобаны іске асырудан азаматтар үшін электрондық сандық қолтаңбаны алу және «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа арыз беруге жұмсалатын уақыттың қысқартылуы күтілуде.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі