Ынтымақтастықты кеңейту мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бірлескен пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында  Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласының №2 соты мен Жаңаөзен қалалық сотының ғимараттарында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері азаматтарға электронды цифрлық қолтаңбаны беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге кірісті.

Сот кеңсесі қызметкерлері азаматтарға «Сот кабинеті» электронды сервисін қолданудың артықшылығын түсіндіріп, электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен аталған сервисті пайдалануға көмектесуде.

 

Қарағанды облысында салтанатты түрде халықтың құқықтық мәдениеті құқықтық санасын нығайту, әрекет етуші медиативтік қызмет түрлерін насихаттау, сындарлылық, ашықтық және тиімділік қағидалары негізінде біріккен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина, Әділет департаментінің басшысы м.а. Рахмет Базылов, облыс әкімі орынбасары Жандос Әбішев, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы хатшылығының меңгерушісі Ерлан Құсайынов, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Оқасбай Әбікенов, облыстық нотариаттар палатасының төрағасы Жанар Тоқтарова, Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Дәурен Қуанышев, сонымен қатар, Медиация дамыту орталығы мен «Әділет» медиация, құқық және психология орталығының өкілдері қол қойды.

«Аталған меморандум өңірде қолайлы құқықтық орта құруда тағы бір маңызды қадам», - деп санайды Ж.Сейдалина. Облыста медиация институтын дамытудың келешегі зор екенін атаған ол соттардың татуласу рәсімдерін қолдану барысы туралы хабардар етті.

Әділет департаменті басшысының м.а. Р.Базылов: «Меморандумға қол қоюдағы мақсат – азаматтық, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастарда медиацияны қолдану, дауларды реттеу саласы бойынша мемлекеттік органдар мен Ассамблеяның жұмыстарын күшейту» - деді.

Меморандумға қатысушылар осы шара халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының, сондай-ақ, заң шегінен шыққан тұлғалардың әлеуметтік қамсыздандыруды жоғарылатуда кешенді іс-шараларды іске асыруға негіз болады деп санайды.

 

Сайрам аудандық сотында Оңтүстүк Қазақстан облысы сот тарихына арналған мұражайдың салтанатты ашылу іс-шарасы өтті.

Ашылу рәсіміне аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері, отставкадағы судьялар, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, аудан прокуроры Оразалы Абдраманов, Сайрам аудандық ІІБ, Әділет басқармасының, Ішкі саясат бөлімінің басшылары, адвокаттар, медиаторлар, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мұражай экспозициясында аудандық соттың ашылған уақытынан бастап қазіргі кезге дейінгі тарихын көрсететін көптеген жәдігерлер қойылған.

Аудандық сот қызметкерлері экспонаттарды жинап, мұражайды ашу үшін көп жұмыс атқарған. Тақырыптық-хронологиялық қағидат бойынша құрастырылған көрме мұқият іріктелген құжаттардан, марапаттардан, фотоматериалдардын және ардагерлердің жеке заттарынан тұрады.

Мұражайдың ашылу рәсіміне келген қонақтармен Сайрам аудандық сотының төрағасы Берік Тыныбеков кездесті. Ашылу барысында төраға қонақтарға мұражайдың ағартушылық мақсатында ашылғанын және бұл мұражайдың алдағы уақытта Сайрам аудандық сотында қызмет атқарған ардагерлердің кездесіп тұратын орны болатынын айтты.

Қайнар: 
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстүк Қазақстан және Қарағанды облыстық соттардың баспасөз қызметтері