Жамбыл облысты судьялар және сот кызметкерлер тарихи орындарына экскурсиясы қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында және өскелең ұрпақтың рухани адамгершілігін, мәдени тәрбиесін, патриоттық сезімін арттыру мақсатында Жамбыл және Мойынқұм аудандық соттарының судьялары мен сот қызметкерлері Бектөбе қалашығына, сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштері - Айша бибі, Бабажы – қатын кесенелеріне, сонымен қатар Мойынқұм ауданында орналасқан Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайға экскурсияға барды.

Әр халықтың, өркениеттің жалпыұлттық сипаттамасы бар, әр ұлт өкіліне таныс қасиетті жерлері болады. Жамбыл ауданы осындай тарихи-мәдени ескерткіштерге  бай. Осындай жерлердің бірі, түрік өркениетінің рухани орталығы – көне Бектөбе қалашығы. 2010-2012 жылдары жүргізілген кешенді археологиялық жұмыстардың нәтижесінде қалашықта: кең су құбыры желісі, қамал қабырғаларының қалдықтары мен тұрғын үй және қоғамдық құрылыстардың іргетасы, сондай-ақ Қараханид дәуіріне жататын бірегей қорым табылған.

Қазақстанда кең танымал, еуразиялық және әлемдік кеңістікте белгілі,  сұлулықтың, махаббат пен адалдықтың символы болып табылатын, туристтердің арасында өзінің бейнелі шығыс сәулетімен ғана емес, тарихи аңыздарымен қызығушылығын туғызатын ескерткіштердің бірі – Айша бибі және Бабажы-қатын кесенелері.

Мойынқұм ауданында орналасқан Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайға саяхат ұйымдастырылып, оның тарихымен және жәдігерлермен толыққанды танысып, экспонаттарды тамашалады.

Қазақстанның әрбір азаматы өзінің түп-тамырын, ата-баба дәстүрін ұмытпауы қажет.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі