Жамбыл облыстық сотында қазақ киносы мен театрының актері, режиссер Асанәлі Әшімовпен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жамбыл облыстық сотында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру аясында қазақтың кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімовпен кездесу өтті.

Іс-шараға қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Нұрмұхаммат Абидов пен Жомарт Рүстембеков, Судьялар одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Тахмина Сұлтанова, Қазақстан Республикасының халық әртісі Есмұхан Обаев, ақын Маралтай Райымбеков, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, сот жүйесінің ардагерлері, сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Нұрмұхаммат Абидов кездесуді аша келе, Асанәлі Әшімовтың театр мен кинодағы жоғарғы жетістіктерін, сондай-ақ еліміздің мәдениет саласына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

Көрермендерге актердің шығармашылығын, кадрдағы және кадрдың сыртындағы өмірін баяндайтын «Сыр тұнған Айсберг» атты деректі фильм көрсетілді.   

Фильм көрсетілімінен кейін қатысушыларға мейманға өздерінің сұрақтарын қойып, қазақ киносы мен театрының майталманы қызықты оқиғаларымен бөлісе отырып, оларға жауаптарын берді, сондай-ақ өзінің шығармашылығы туралы және алдағы жоспарлары жайында айтып берді.

Іс-шараның соңында сот төрағасының, сондай-ақ барлық сот корпусының атынан Жомарт Рүстембеков Асанәлі Әшімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеп, үлкен талантты мойындау белгісі мен құрмет ретінде халық әртісіне шапан кигізді, қонақ өз кезегінде қатысушыларға қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты. 

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі