Жамбыл облысында «Электронды қылмыстық істің» жобасы жүзеге асырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тараз қаласының №2 сотында күдікті Т.-ға қатысты қамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау өтті.

Процестің назар аударарлығы, «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында республика бойынша алғаш рет өткізілуінде болып табылады.

Іс материалдарын қарау бейнебайланыс арқылы сот пен Тараз қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысының арасында онлайн режимде, күдіктіні сотқа алып келмей-ақ өткізілді. 

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша тергеу судьясы тиісті қаулыны «Төрелік» ақпараттық жүйесіне орналастырып, «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне» жолдады.

Өңірдегі соттар мен Жамбыл облысы Байзақ ауданының уақытша ұстау абақтысы осындай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге ақпараттық технологиялардың енгізілуі оның ашықтығының жоғарылауына, тергеу әрекеттерін санкциялауға қажетті құжаттарды ұсыну мен нәтижелерін алу уақытын айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ қылмыстық процесс сапасын жақсартуға және жеңілдетуге, қағаз жүзіндегі құжат айналымға кететін шығынды оңтайландыруға алып келеді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі