Жамбыл облысында сот 3,5 миллион теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунікке айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысы Шу аудандық соты лауазымды тұлға бола тұра, өзi немесе делдал арқылы ақша түрінде пара алу қылмысын жасағаны үшін Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс матриалдарынан анықталғаны, Т. жарнама ілу үшін билборд орнатуға рұқсат сұрап, Шығанақ ауыл округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж.-ға жүгінген.

Ж. билік өкілінің міндетін жүзеге асырушы, лауазымды адам бола тұра, қайтарусыз ақшалай қаражат алу жолымен заңсыз баюды көздеген қылмыстық ойын іске асыру мақсатында, өз рұқсатын және жарнама ілу келісім шарттын жасау үшін Т.-дан 130 000 теңге сұраған. Жариясыз тергеу әрекетін жүргізу барысында Т.-дан 70 000 теңге ақшалай қаражатты  Ж. пара есебінде Ж.-ға беру үшін алған фактісі тіркелген.

Сот отырысында Ж. тағылған айыпты мойындамады.

Сот үкімімен Ж. ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 500 000 (үш миллион без жүз мың) теңге айыппұл салынып, сотталушының жеке меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаржыға сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.       

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі