Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен департамент қызметкерлерін алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстанның жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Сотта өткен салтанатты жиында судьялар мен департамент қызметкерлерін алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Ежелден келе жатқан бұл мереке бес мың жылдан бері мерекеленеді, бірлік, толеранттылық пен тұрақтылық сияқты басты құндылықтарды бейнелейді. Мемлекет басшысы бұл мейрамның жаңарған Қазақстанның басты қоғамдық және саяси құндылықтары, оның табысты дамуының негізгі кепілі саналатынын әрдайым айтып келеді», - деді Қ.Мәми. Ол өз сөзінде Наурыз жарастық пен сыйластықтың жарқын көрінісі екеніне, елімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан барлық этнос өкілдері бұл мейрамды жыл сайын атап өтетініне тоқталды. Сондай-ақ, республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің жүзден астам тілінде айтылған мерекелік құттықтаулар адам жанын ерекше көңіл-күйге бөлейтінін айтты.

Жоғарғы Сот Төрағасы салтанатты жиында биылғы Наурыз мейрамы республикамыздағы аса маңызды саяси оқиғаға – Парламент Мәжілісі мен маслихаттар сайлауына орайлас келіп отырғандығын еске салып өтті.

«Сот корпусы және сот жүйесінің қызметкерлері сайлаудың маңыздылығын терең түсінеді. Бұл – қазіргі таңдағы ең маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдаудағы басты институт. Халқымыз сайлау құқығы арқылы елдің одан әрі дамуының болашақ векторын анықтайды. Еліміздің азаматтары үшін – бұл айтулы мереке. Олар сайлау учаскелеріне отбасыларымен келіп, дауыс беру үшін кезекте де тұруға да дайын» дей келе Қ. Мәми жиынға қатысушыларды қалыптастырған дәстүрді бұзбастан, тіпті балаларымен бірге сайлау учаскелеріне алғашқылардың қатарында келіп, дауыс беріп, азаматтық парыздарын орындауға шақырды.

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі