Жоғарғы Сот жалпы қалалық сенбілікке қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы 19 сәуірде Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері елорда Әкімдігі ағымдағы жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыры аралығында жариялаған экологиялық айлықтың шеңберінде өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Бұл шараға көшелер мен аулаларды тазарту, гүлбақтар мен парктерді тазартып, жаңа ағаштар отырғызу үшін қаланың бүкіл тұрғыны қатысты.

Осы күні жалпы ауданы 491,4 га парк пен гүлбақ жиналып, 220 га гүлзар қоқыстан тазартылды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі