Жоғарғы Сотта ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы А.Залармен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еліміздің жоғары сот органында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы А.Залармен кездесу өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері, ABA ROLI-дің сот жүйесі бойынша бағдарламасының мамандары мен Қазақстан Республикасының жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ, аталған институтты Қазақстандағы одан әрі дамыту бойынша сарапшылық ұсынымдарды талқылады.

Кездесуді аша келе, А.Қыдырбаева медиация институтының бүкіл әлемде жан-жақты дамып жатқандығын атап өтті. «Статистикаға сүйенсек, республикадағы сот дауларын шешуде медиацияны қолдану үлесі артып келеді, алайда біздің көрсеткіштер өзге елдердің тәжірибесімен салыстырғанда жеткіліксіз», - деді ол.

А. Қыдырбаева Жоғарғы Соттың медиация институтының республика көлемінде барынша кеңінен таратуға мүдделілік танытып отырғандығын жеткізді. Осы мақсатта Жоғарғы Сот халықаралық срапшыларға жүгінді, олар өз кезегінде ABA ROLI бағдарламасы бойынша Қазақстанның медиация туралы қолданыстағы заңнамасы, республикадағы аталған институттың даму динамикасы, Еуропалық Одақ елдеріндегі медиацияны қолданудың сәтті модельдерінің түрлі тәсілдері мен тетіктері туралы  сараптамалық қорытынды әзірледі. Жүргізілген талдау шеңберінде медиация және дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына осы бағыттағы нормативтік құқықтық реттеудің озық халықаралық тұрғысынан талдау жүргізілді. Талдау есебінде, сарапшылардың пікірінше, түйткілді, толық емес, халыаралық стандарттарға сәйкеспейтін, жеткілікті үйлеспейтін отандық нормалар қарастырылды. Мәселен, сарапшылар аталған заңның 1-бабының 1-тармағы қылмыстық істер бойынша медиацияны сот талқылауы барысында ғана жүргізуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сарапшылар заңның 1-бабының 2-тармағында көзделген «медиатор» ұғымын жетілдіру жөнінде ұсыныс білдірді. Себебі, медиация жүргізу жөнінде ұсыныс алған кез келген үшінші тұлға медиатор бола алатындай құқықтық мүмкіндік берілуі керек. Сарапшылар 5-баптың 1-тармағында көзделген еріктілік қағидатын жұмсарту қажет, сонда бұл норма медиацияның міндетті немесе квази-міндетті (тараптар бас тарту құқығына ие болуы көзделген жағдайда) қолдануға мүмкіндік береді деп есептейді.

Кездесуде сөйлеген сөзінде халықаралық сарапшы, Словенияның бұрынғы Әділет министрі, Дауларды реттеу жөніндегі еуропалық орталықтың президенті (ECDR) Алеш Залар республикада медиация заң шығарушылық органдар, кәсіби мамандар және жалпы жұртшылық тарапынан тиісті қолдауға ие болмағандығын айтты. Қазақстанда медиацияны дамытудың әлеуеті зор екендігін айта келе, А.Залар сот медиациясының қолданыстағы бағдарламаларын жақсарту үшін белгілі бір түзетулер енгізу немесе медиация дауды шешу үшін тараптарға неғұрлым тиімді таңдау бола алатындай жаңа бағдарламалар қабылдау қажеттігін алға тартты.  

Сарапшы Еуропада кеңінен тараған құбылыстың сырымен бөлісті: медиация толығымен ерікті процесс, дауларды сот талқылауына дейін шешу үшін ерік-жігер мен көтермелеулер қажет, адвокатураның аталған институтты және міндетті әдеп нормаларын қабылдамауы, дау тараптарына олардың дауды шешу үшін медиацияны қолдануына итермелейтіндей ықпал ету шараларын қолдану қажет.

Іс-шара барысында Қазақстандағы медиацияны дамытудың келешегін талқылау бойынша сындарлы диалог орнады: сарапшы Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлерінің Еуропа елдерінде дауларды шешудің баламалы тәсілдерін кеңінен қолдану тәжірибесіне қалай қол жеткізгендігі, осы процеске мемлекет қаншалықты қатысатындығы туралы сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. А.Залар кімдердің медиатор бола алатындығы, даулардың қандай санаттары Еуропалық Одақ елдерінде неғұрлым кеңінен тарағандығы туралы ойлармен бөлісті. Сарапшы Қазақстанда медиация белсенді дамуы үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігін және осы бағытта қандай тетіктерді жетілдіру қажет екендігін атап айтты.

Кездесу соңында А.Қыдырбаева ABA ROLI сарапшыларының маңызды жұмысына алғыс білдіріп, дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту бойынша олардың берген талдамалық ұсынымдары жан-жақты зерделетіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі