Ақмола облыстық соты

Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетау қаласының Достық үйінде татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

31/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Көкшетау қаласының Достық үйінде «Татуластыру рәсімдерін дамыту. Оларды шешудің жолдары мен мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысының прокуроры, ІІД қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігі, жергілікті соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар алқасы, нотариалдық палата және отставкадағы судьялар қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының мамандандырылған соттарының жұмысымен танысып, судьялар және сот қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Облыстық соттың төрағасы мамандандырылған соттарда ағымдағы жылдың 5 айы және 2016 жылдың республика бойынша мамандандырылған соттардың көрсеткіштерін салыстыра отырып жұмыс сапасын талқылады, сонымен қатар соттардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысымен кездесу өткізді

19/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысы Любовь Рубежанскаямен кездесті.

Кездесу «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру жүйесінің жұмысын жақсарту және аз қамтылған  топтарға білікті заң көмегін алуға қолжетімділік деңгейін арттыру» жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов: «Мемлекет басшысы Қазақстан халқын рухани жаңғырту арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатын көздейді»

13/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысын өткізіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.

Облыстық сот төрағасы мақаланың идеялогиялық тұжырымдамасы мен оның стратегиялық бағыттарына тоқтала келе, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын рухани жаңғырту арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсатын көздейтіндігін айтты.

Ақмола облыстық соты ведомствоаралық семинар өткізді

14/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Сот және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі - сот төрелігін сапалы атқаруды қамтамасыз етудің құралы» тақырыбында құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен ведомствоаралық семинар өткізді.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл

02/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов баспасөз-конференцияны өткізді.

Журналистердің сұрақтарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, сот жүйесінің зейнеткерлері, ішкі істер органдарының, прокуратура, кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының, білім басқармасының, қорғаншы және қамқоршы бөлімінің өкілдері жауап берді.

Ақмола облыстық соты майдангер-судьялар туралы кітабының тұсаукесерін өткізді

04/10/2016

Ақмола облыстық соты Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділовтың «Отан үшін отқа түскен судьялар» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер кітапхананың оқу залында өтті.

VІІ судьялар съезінің Ақмола облысы бойынша делегаттары еңбек ардагерлерінің аманат сөздерін алды

01/10/2016

Судьялардың VІІ съезі қарсаңында Ақмола облысының делегаттары облыс қоғаммен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесінің алдына қойылған мақсаттардың, сот жүйесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және өткен алтыншы съезі шешімдерінің орындалуы туралы талқылады.

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты мониторинг үшін пилоттық сот деп анықталды

28/09/2016

«Еуропа Одағы – Орталық Азияның құқық үстемдігі жобасымен»  өзара іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінен бастап 7 қазанына дейін «Қазақстанның пилоттық сотын талдау» миссиясы өткізілуде. Аталған миссия Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында басталды.

Миссия барысында аудандық сотының қызметіне мониторинг жүргізіледі, нақты айтқанда, сот қызметін талдау, оң тәжірибесін анықтау және соттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Ақмола облыстық сотында жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өткізілді

23/05/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысын өткізді.

Жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары жас судьялардың тәлімгерлері болып табылады. 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялардың менторы болып облыстық сотының судьялары тағайындалған.

Беттер