«дөнгелек үстел»

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында мерзімінен бұрын босатуды және жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруды қолдану мәселелері талқыланды

13/09/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мерзімінен бұрын босату және  жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруды қолдану практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, түзеу мекемелерінің өкілдері қатысты.

Тараз қалалық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

07/09/2017

«Дөңгелек үстелге» Жамбыл облыстық сотының судьялары, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбай Серікбаев, аталған жоғару оқу орнының аға оқытушысы Гүлжан Өтепбергенова, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Тоқсанбаева, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.  

Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

18/05/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

Шығыс Қазақстан облысында медиацияны жаңа заңнама тұрғысынан қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

05/08/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жарма ауданың әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық заңнамаларының өзгерістері аясында медиацияны дамытуды насихаттау» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов, өңір судьялары, ауылдық окрутердің әкімдері, кәсіби емес медиаторлар, прокуратура, әділет, құқық қорғау органдарының, әкімдіктің өкілдері қатысты.

Өскемен гарнизоны әскери соты «дөңгелек үстел» өткізді

19/07/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы Азат Даменов Өскемен гарнизонының заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарының өзара әрекет ету мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұлан және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бойынша құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Оралда жер заңнамасын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

11/07/2016

Судьялар, Орал қаласы әкімдігінің, Орал қаласының жер қатынастары бөлімі, Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Жер заңнамасын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараны ашқан азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев талқыланып отырған тақырыптың бүкіл қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Әскери сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары талқыланды

30/06/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары әңгіме болған «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Әскери сотының әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов, Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері Р.Жакенова, А.Тоқжұманова мен О.Айтжан, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның өкілдері, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері қатысты.

Алматы облыстық сотында бітімгершілік рәсімдер институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

20/06/2016

Алматы облыстық соты үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «дөңгелек үстел» өткізіп, оның шеңберінде соттарда жаңа технологияларды және медиация рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылады.

Беттер