Қостанай облыстық соты

Қостанайда атқарушылық іс жүргізуде бітімгершілік рәсімдер жөніндегі комиссия жұмыс істейді

12/03/2020

Қостанайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жанында дауларды реттеу жөніндегі комиссия құрылды. Қостанай қалалық сотының атқарушылық іс жүргізу барысында адамдар мен жеке сот орындаушылары арасында туындайтын дауларды соттан тыс тәртіппен шешуге бағытталған бастамасы осылайша іске асырылды.

Дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту

17/01/2020

Жамбыл облыстық сотында судьялардың, Ұлттық Банк филиалы өкілдерінің, екінші деңгейдегі банктердің, медиаторлардың, нотариустардың, адвокаттардың және заң кеңесшілерінің қатысуымен банк заемы шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша "дөңгелек үстел" өтті.

Қостанай облысының судьялары сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асыру мәселелерін талдады

29/11/2019

Іс жүргізуде қазақ тілін қолданудың өзекті мәселелерді талқылау бойынша конференция жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Бағлан Мақұлбеков, Жоғарғы Соттың Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина, Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев, Нұрсерік Шәріпов, Досжан Әміров және Ерлан Айтжанов, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар, билер кеңесінің мүшелері мен заңгерлер, зиялы қауым өкілдері, адвокаттар алқасы ме

Қостанай қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

25/11/2019

Фронт-кеңсенің ашылу рәсімін сот жүйесінің ардагері Сәбира Наукенова мен бұрынғы сот төрағасы Бақытқазы Ордабаев өткізді.

Осы іс-шараға отставкадағы судья Людмила Прохорова, облыстық соттың судьясы Ғалия Ержанова, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Рамиль Хисматуллин, МАЭС пен қалалық соттың төрағалары Ерқанат Жұматаев пен Қанат Шакаров қатысты.

Билер кеңесін жандандыру мақсатында

01/11/2019

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыстық Билер кеңесінің отырысын өткізді. Отырысқа Қостанай қалалық және ювенальдық соттарының төрағалары Қанат Шакаров және Қарлығаш Шармұхаметова, ардагерлер кеңесі мен Билер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин, судьялар мен билер қатысты.

Медиацияның тиімділігін атап көрсете келіп, А. Мерғалиев Билер кеңесінің белсенді қызметі туралы хабардар етті және халықпен кездесулерде татуласу рәсімін кеңінен насихаттауға шақырды.

Арқалық қалалық сотында Торғай облыстық сотының алғашқы төрағасы Нұрхан Шәкіровті еске алуға арналған ескерткіш тақта ашылды

07/10/2019

Мемориалдық тақта Торғай облыстық сотының алғашқы төрағасы Нұрхан Шәкіров пен оның орынбасарлары Николай Мутья мен Дастан Таласбаевтың құрметіне ашылды. Олардың сан жылдар бойғы жұмысы қызметтік міндеттерін мінсіз орындаудың шынайы үлгісі болып табылады.

Қостанай облысының үш сотында фронт-офистер ашылды

30/09/2019

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Владимир Долгих Рудный қаласында және мамандандырылған әкімшілік, сондай-ақ Лисаков қалалық соттарында фронт-офистерді салтанатты түрде ашты.

Ашылу салтанатына судьялар, сотқа келушілер, медиаторлар, адвокаттар және қалалардағы мекемелердің өкілдері қатысты.

Фронт-офис келушілерге ең қолайлы жағдайларды және кедергісіз жұмыс қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру

09/04/2019

Қостанай облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және жас отбасыларды қолдау жобасы таныстырылды.

Іс-шараға судьялар, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, Қазақстан жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығының, сондай-ақ АХАТ, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.

56 миллион теңге қарызды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

22/01/2019

Қостанай қалалық соты 2018 жылдың 12 мамырынан бастап «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын іс асыруда. татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін сотта медиация кабинеті ашылды, онда тараптардың бейресми жағдайда үшінші, мүдделі емес тараптың – татуластырушының көмегімен жанжалды шешу мүмкіндігі бар. Бұл ретте, сот дауды екі тарап үшін де өзара пайдалы нәтиже болатындай етіп реттеуге мүдделі.

Беттер