қылмыстық іс

Сот қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін сотталушыны ақтады

10/11/2016

Ақмола облысының Сандықтау аудандық соты бұрын сотталған Лоос Викторға қатысты қылмыстық істі қарап, ол қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақталды.

Қылмыстық қудалау органдарымен В.Лоос Т. және Ш-мен спирттік ішімдіктерді ішу барысында оларды ұрып, денсаулықтарына ауыр түрдегі дене жарақаттарын келтіріп, нәтижесінде олардың біреуін абайсызда қазаға ұшыратты деп айыпталған. Сотталушы В.Лоос тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Тимирязев аудандық соты ұрлық жасады деп айыпталған айыпталушыны ақтады

01/03/2016

 2016 жылғы 3 қаңтарда Т.Левченко үй есігінің құлпы жұлынғанын және телефонның жоғалғанын көрген, содан кейін полицияға қоңырау шалып, ұрлық туралы хабарлаған.

Жоғалту фактісі анықталғанға дейін Т. Левченко мен онымен бірге тұратын Д.Ивановтың арасында құлыпты жұлып алып, ағасымен ішімдік ішкені үшін жанжал болған. Жанжалдан кейін Д.Иванов үйден кеткен.

Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

11/02/2016

Ақмола облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Ж.Ешхатов мемлекеттік міндетті атқаруға өкілеті тұлға бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, меншікке қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады.

Ж.Ешхатов колледж директорынан білім қызметін жүзеге асыруға лицензия беру үшін  1 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқырды.

Екі қызметтесінің өліміне кінәлі әскери қызметкер 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

19/01/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Өскемен қаласындағы көшпелі сот мәжілісінде қатардағы жауынгер Қ.Тоқтаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады.

2013 жылғы 18 қарашасынан бастап Қ.Тоқтаров атқыштар батальонының маманы болып Ұлттық Ұланның № 6 әскери бөлімінде әскери қызметін Е.Ахметжанов және  А.С. Түсүпбекпен бірге өтеп жүрген.

Ветеринария бөлімінің бастығы киіктердің дериваттарын заңсыз алғаны үшін кінәлі деп танылды

18/11/2015

Ақмола облысының Жақсы аудандық соты киіктердің дериваттарын заңсыз алды деп айыпталған ветеринария бөлімінің бастығына А.Досановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, Жарқайың ауданының ветеринария бөлімінің бастығы жаппай аурудан өлген киіктерді кәдеге жарату шарасына қатыса отырып, 13 киіктің мүйізін шауып алуды ұйымдастырған. Киіктің 26 дана  мүйізі оның қызметтік автокөлігінен табылып, полиция қызметкерлері мен Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторы тарапынан ұсталған.

Шемонаиха аудандық сотында патрульдік полицияға қатысты қылмыстық іс қаралды

05/11/2015

Шемонаиха аудандық сотында патрульдік Саптық бөлімінің полициясы М.Қалиасқаровқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

М.Қалиасқаров қызметтік көрсеткіштерді негізсіз жоғарылату мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша дәлелдемелерді бұрмалаған. Осы мақсатта қайтыс болған азамат Я-ның  жеке куәлігінің көшірмесін пайдаланып, оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы құжатқа көрінеу жалған жазбалар енгізген. Бұрмаланған материалдарда  азамат Я. темір жолды белгіленбеген жерде өтті деп көрсетілген.

ОҚО-да аудандық ішкі істер басқармасының аға тергеушісі сотталды

05/11/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотында Сайрам АІІБ-ның аға тергеушісі А.Жолтаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі сотта қарау барысында азамат Ж.Тоялиев ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша күдікті екендігі анықталған. Істің мән-жайын білетін А.Жолтаев Ж.Тоялиевке қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға уәде беріп, одан 3 000 АҚШ долларын талап еткен.

Науқас адамдарды пайдаланғаны үшін жазаланды

21/10/2015

Семей қаласының №2 сотында «Семей қаласының  психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік  коммуналдық мекемесінің бұрынғы директоры К.Бергеневаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы өзінің қызметтік бабын қолданып, психоневрологиялық аурулармен ауыратын науқас мүгедектерді жеке мақсатына пайдаланған. Ол  емдеу еңбек инспекторының бақылауымен оларды қызметтік көлік арқылы өзінің қызының бақшасына жіберіп, шаруашылық жұмыстарын жасатқан.

Зырян аудандық соты тау кенішінен алтынды алу туралы қылмыстық істі қарады

19/10/2015

Зырян аудандық сотында азамат Ж. Тәттібаевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы ағымдағы жылдың шілде айының басынан бастап Зырян қаласындағы «Казцинк-Транс» ЖШС-нің автотұрағы аумағында орналасқан тау-кен үйіндісі аумағына жүйелі түрде тау-кен материалын жымқыра бастаған. Ол тау кенішінен алтынды алу үшін сотталушының мекен-жайындағы екі шаруашылық қора-жайларда орналасқан майдалау әдісімен жасалынған жабдығын пайдаланған.

Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды

02/10/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасында ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері Мамлют ауданының ІІБ бастығының орынбасары К.Бекеновке және СҚО ІІД КПБ аға жедел уәкілі М.Мұхамеджановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Беттер