Павлодар облыстық соты

Билер кеңесінің мүшелеріне арналған семинар-тренинг

22/10/2019

Павлодар облыстық сотында билер "Медиация – ата-баба жолы” атты семинар-тренингке қатысты.

Семинар-тренингті облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Мұратғали Әкетай, Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры, кәсіби медиатор Жанділда Жақыпов және қалалық және аудандық соттардың судьялары жүргізді.

Павлодар облысының судьялары азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді

06/09/2019

Судьялар, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, Соттар әкімшісінің орынбасары және психолог Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және   бейімдеу орталығында тұратын әйелдердің және балалары бар әйелдердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Орталықта балалары бар он үш әйел судьялармен сенім білдіре отырып әңгімелесу барысында тиісті құқықтық кеңестер алды.

Павлодарда сот шешімін түсіндіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың тұсау кесері өтті

02/04/2019

Павлодар қалалық соты психология ғылымдарының кандидаты Татьяна Кравцованың көмегімен сот шешімін түсіндіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.

Ұсынымдар әзірлеудің мақсаты сот талқылауының ашықтықтығын, жариялылылығын нығайтудың, сот төрелігіне қолжетіміліктің және жалпы қоғамда орын алатын жанжалды төмендетудің нәтижесі ретінде сот пен сот процесі қатысушыларының арасында сауатты коммуникацияны ұйымдастыру болып табылады.

Әдістеме азаматтық істерді қарайтын судьялардың жұмыстарында пайдалануға арналған.

Павлодар облысында «Отбасылық сот» жобасы өзінің тиімділігін байқатты

19/03/2019

Павлодар облысында «Отбасылық сот» жобасы шеңберінде судьялар мен психологтар 2018 жылы 575 отбасыны, 2019 жылы 93 отбасыны ажырасудан сақтап қалды. Тек Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотында психологтардың қатысуымен 2018 жылы 1 179 отбасындағы, 2019 жылы 286 отбасындағы ерлі-зайыптылар татуласты.

Осы жоба отбасыны нығайтып, неке мен отбасыны дәріптеуге арналған.

Билер кеңесінің қызметі тараптардың татуласуына септігін тигізеді

21/02/2019

Павлодар облысының Ақтоғай аудандық сотында Билер кеңесінің мүшелері екі ұқсас дау бойынша тараптардың татуласуына септігін тигізді.

Бірінші іс бойынша талапкер 420 000 теңге шығынды өндіріп беруді сұраған, бұл талабына жауапкердің автокөлікті басқарып келе жатып «Малды айдап өту» деген ескерту белгісі бар аумақта иесі өзі болып табылатын жылқыны басып кеткенін уәж ретінде келтірген.  

Құқық қолданудың, қоғам даулылығының көкейкесті мәселелерін терең зерделеуге шешуге үшін

12/02/2019

Павлодар областық сотының судьялары «Еңбек даулары мен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын алу» пилоттық жобаның даму келешегін талқылады. Талқылауға Кәсіподақ орталығының төрағасы Динара Айтжанова қатысты.

Судья Гульнур Тергемесова кездесуді аша отырып, өткен жылы талапкерлердің еңбек даулары бойынша талаптары қанағаттандырылған сот актілеріне талдау жасады.

Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз қалаларында, Ақтоғай және Баянауыл аудандарында Билер кеңестері құрылды

08/01/2019

Билер кеңестерін құру мақсатында соттар мен Ардагерлер кеңестері бірқатар меморандумды жасасты.

Билер кеңестерінің құрамына сот жүйесінің, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өмірлік ұстанымы, мол жұмыс тәжірибесі, қоғам ішінде жоғары беделі бар ардагерлері тартылды.

Меморандумдар Билер кеңестерінің аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен тарату және дауларды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған

Павлодар облысының татуласу орталығы еңбек дауларының азаюына ықпал етуде

26/12/2018

«Сотсыз татуласу орталығы - Центр внесудебного примирения» жобасын іске асыру шеңберінде Кәсіподақ орталығының базасында жұмыс істейтін татуласу орталығы халық арасында дауларды соттан тыс шешу институттарының жұмысын жандандыруға қызмет етіп, қоғамдағы жанжалды жағдайларды азайтуға көмектесуде.

Мұнда еңбек жанжалына қатысушылар сот жүйесінің ардагерлерінен, кәсіби медиаторлардан және Кәсіподақ орталығының мамандарынан дауларды соттан тыс шешудің мүмкіндіктері туралы тегін консультация алады.

Екібастұзда Қазақ КСР сот жүйесінің ардагері Ғаббас Сағиденовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

14/12/2018

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұқтар Смағұлов және Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов салтанатты түрде Қазақ КСР сот жүйесінің ардагері Ғаббас Сағиденов тұрған үйде ескерткіш мемориалдық тақтасын ашты. Екібастұз қаласындағы көшелердің біреуіне оның есімі берілді.

Салтанатты іс-шараға судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, әкімдік пен мәслихаттың қызметкерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сонымен бірге Ғ.Сағиденовтың туыстары қатысты.

Беттер