сот

Ақтауда сот банктің қарызға қызмет көрсету үшін ұстаған комиссияларын заңсыз деп таныды

23/08/2017

Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының №2 сотында азамат Х.-ның банк арасындағы заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Х. мен банк арасында 2015 жылы банк заемы туралы келісім шарт жасақталып, банк Х-ға тұтынушылық мақсатта 1 000 000 теңге несие берген. Алайда талапкер ай сайын қарызға қызмет көрсеткені үшін банкке 5 000 теңге мөлшерінде қосымша комиссия төлеп отырғаны анықталды.

Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығы бойынша Б.Чотпаевқа қатысты істі қарады

05/04/2017

Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы Бас прокурордың наразылығы бойынша келіп түскен Б.Чотпаевқа қатысты қылмысты істі қарады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2017 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен Б.Чотпаевқа қатысты бірінші және апелляциялық сатылар шығарған сот актілерінің тағайындалған жазаның аса жеңіл болуына байланысты күшін жойды. Іс қайта қарауға апелляциялық сотқа жолданды, наразылық ішінара қанағаттандырылды.

Шығыс Қазақстанда сот көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін кінәліні бас бостандығынан шектеді

03/02/2017

Аягөз аудандық соты  Т-ны көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында таратқаны үшін  соттады.

Қылмыстық іс материалына сай, Т., өзінің ұялы телефоны арқылы «ШҚО Аягөз атыс» деген жалған атаумен белгісіз атыс бейнежазбаны «YouTube» желісіндегі жеке каналына салған. Бейнежазба халық арасында психоэмоционалдық, ақпараттық-психологиялық дүрліктіру және қоғамға қауіп тудырған.

Әскери сотта 2016 жылдың жұмысы қорытындыланды

31/01/2017

Әскери сотта бейнеконференцбайланысы арқылы әскери соттармен сот төрелігін жүсеге асырудың 2016 жылғы қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Абдиев, әскери соттардың судьялары.

Семей қалалық соты бұрынғы қызметкердің пайдасына ЖШС-ден денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу және еңбекақыны өндіру негізінде 400 мың теңгеден астам өтемақы өндірді

23/01/2017

Семей қалалық соты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу және еңбекақыны өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер өзінің талап арызында «Семейпластком» ЖШС-де 2013 жылдың 4 шілдеде сылау-сырлаушы міндетін атқарып жүрген кезде биіктігі 2,5 метрден құлап, өндірістік жарақат алғанын, соның салдарынан сүйектері сынып, денсаулығына зақым келтірілгенін көрсеткен. Бұған қоса, 2015 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін өндірістің бос тұруына байланысты еңбекақы алмағанын айтты.  

Шығыс Қазақстанда сот кінәліге экстримистік деп танылған кітаптарды сақтағаны үшін айыппұл тағайындады

23/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты Р-ға 226 900 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Р., діни араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталған мәліметтер мен материалдарды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот, Р-ның Қазақстан Республикасы аумағында таратуға және басып шығаруға тыйым салынған экстремистік ақпараттық материалдары бар деп сотпен  танылған кітапты сақтағандығын анықтады.

Оңтүстік Қазақстан облысында соттардың қызметін үздік жариялаған журналистер марапатталды

14/12/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен салтанатты іс-шара шеңберінде сот қызметін үздік жариялаған журналистік жұмыстар конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараны Қазақстан Судьялар одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасында көзделген міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырды.

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

13/12/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25- жылдығына  арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға  Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Соттардың қызметін қамтамасын ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Қазақстан судьяларының делегациясы Қытайда үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясына қатысты

17/11/2016

Қазақстан делегациясы ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжоу Цяннің шақыртуы бойынша үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясының жұмысына қатысты. Кездесу Чжэцзян провинциясының Учжэнь қаласында бүгін а.ж. 17 қарашасында өтті.

Делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, Жоғарғы Сот аппаратының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш және Алматы қалалық сотының Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Кирикбаев кірді.

Сот қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

03/11/2016

Талап қоюшы «Э» ММ-і сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Т» ЖШС-нен қоршаған ортаға келтірілген 1 828 701 840 теңге залалды мәжбүрлеп өндіруді сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, Экологиялық заңнаманы сақтау бойынша жоспардан тыс тексерістің қорытындысы бойынша жауапкермен қосымша участкелердің 4 шұңқырында және алқаптарында қайта өңдеуге түскен өндірістік қалдықтар орналастырылған.

Беттер