Жоғары Сот

Халықаралық кеңес қылмыстық сот ісін жүргізу және судья кадрларының даярлығы мәселелерін қарады

23/11/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Халықаралық кеңестің кезекті сегізінші отырысын өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьялары, Бас прокуратураның, әділет және қаржы министрліктерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.

Қазақстан сот органдары өкілдерінің делегациясы ЭЫДҰ елдерінің судьялыққа үміткерлерді іріктеу мен судьялардың біліктілігін арттыру бойынша тәжірибелерін зерделеді

15/03/2018

Республикамыздың сот органдары өкілдерінің делегациясы ағымдағы жылдың 4-10 наурызы күндері Франция мен Испанияға барды. Топты Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин басқарды.

ЭЫДҰ елдеріне жұмыс сапары Жоғарғы Соттың «Мінсіз судья» және Дүниежүзілік Банкінің «Сот төрелігі академиясында білім алуды және инфрақұрылымын бағалау» жобалары аясында судьяларды іріктеу, біліктілігін арттыру, қызметін бағалау және ілгерілету жүйесін зерделеу мақсатында жүзеге асырылды.

Алматы облысында VII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады

01/03/2018

Бүгін «Конституциялық новеллаларды іске асыру – қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімді моделін қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында жетінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Іс-шара а.ж. 1-2 наурызда Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» қонақ үйінде өтуде.

Жоғарғы Сот «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» атты топ ашты

16/02/2018

Топтың мақсаты – Жоғарғы Сот жүзеге асыратын басым жобалар туралы жұртшылықты хабардар ету.

Топта жеті жобалық құрамның жетекшілері жұртшылықты өз жұмысы туралы әр түрлі нысанда (бейне-, фотоматериалдар, презентациялар) хабардар етеді.

Топқа сілтеме: https://www.facebook.com/groups/177182219678699/  

Жоғарғы Сот Мемлекеттік туды терезеге ілген қазақстандықтың әрекетінде заң бұзушылықтың жоқтығын анықтады

08/02/2018

Өткен жылдың қазан айының соңында Қызылордадағы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы қала тұрғыны Сұлтан Тұмашиновқа тиесілі пәтердің терезесінде ілініп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Жоғарғы Сот Төрағасы Бүкіләлемдік Банк өкілдерімен кездесті

08/02/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Бүкіләлемдік Банктің жоба жетекшісі әрі мемлекеттік сектордағы бақсару бойынша аға маманы В.Малик мырзамен және Бүкіләлемдік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі А.Браун мырзамен кездесті.

Тараптар Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі саласын институционалды нығайту жобасын іске асыру және Жоғарғы Соттың жаңа бастамалары шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тергеу судьясы институтын енгізу жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі Ресей Федерациясында таныстырылды

06/02/2018

2018 жылғы 1 ақпанда Мәскеу қаласында (Ресей) «Қылмыстық процестегі тергеу судьясы институты» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының шақыруы бойынша іс-шараға Қазақстаннан Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков қатысты.

Жоғарғы Соттың үш судьясын әріптестері құрметті демалысқа шығарып салды

26/01/2018

Жоғары сот органының төрағасы Жақып Асанов салтанатты жиын өткізіп, Жоғарғы Сот судьяларын құрметті демалысқа шығарып салды.

Өмірсерік Қожабаев, Рахымбек Мамырбаев пен Дүйсен Тұмабеков сот және құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарып, бірнеше шәкірт тәрбиелеп, сот төрелігін жүзеге асыру қызметіндегі еңбегі үшін ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Жоғарғы Сот сотталғанды қамаудан босатты

22/01/2018

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты 2017 жылғы 11 шілдеде 35 жастағы Эльмира Хабибованы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесінде өтеуге соттады. Осы күннен бастап оның жаза мерзімі есепке алынды.

Сотталғанның қылмыстық жолмен жинаған мүлкі тәркіленді және ол педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды. Э.Хабибовадан төрт жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 2,5 миллионға жуық теңге, сондай-ақ мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Беттер