Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі – соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме.

Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмыс ұйымы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес анықталған.

 «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңның 10-бабына сәйкес Жоғары Сот Кеңесінің жанында Біліктілік комиссиясы құрылған, ол судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды жүзеге асырады.