Архив событий

14/11/2023

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

14/11/2023

Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Асламбек Мерғалиев  Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді.