БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының өкілдері Жоғарғы Сотта болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотқа Ерікті жарналар қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Азита Берар Авад бастаған адам құқықтары саласындағы техникалық ынтымақтастық үшін ерікті жарналар қорының қамқоршылар кеңесінің делегациясы келді. Кеңес – БҰҰ институттарының бірі болып саналады.

Қонақтармен кездесу кезінде Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Асылбек Мүсірәлинов БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасымен ұзақ жыл бойы достық қарым-қатынас орнатылғанын атап өтті. «Біз ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін бағалаймыз және одан әрі диалогқа әрқашан дайынбыз. Адам құқықтары жөніндегі судьяларға арналған жыл сайынғы бірлескен оқыту іс-шаралары беделді сарапшылардан ақпарат алуға мүмкіндік береді» деді.

Кездесу барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары әзірлеген адам құқықтары жөніндегі индикаторларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Бұған бұрын көрсеткіштерді статистикалық есепке алу жүйесіне бейімдеу бойынша бірлескен жұмыс жүргізілген болатын. Қазіргі кезде адам құқықтарының сақталуы бойынша бағалаудың ұлттық индикаторларын жинау және мониторингілеу іске асырылуда сатысында.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі