Медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг заңды түрде жүргізілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2020 жылы «National Medical Park» ЖШС және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан.

6001-23-00-3ГП/394

Оны орындау шеңберінде «Салауатты Астана» ЖШС мен «National Medical Park» ЖШС арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге бірлесіп орындау шарттары жасалған.

Қор 2021 жылы көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне жоспардан тыс мониторинг жүргізіледі. Оның қорытындысында 38 млн теңгеден астам сомаға тиісінше қызмет көрсетпеудің 60 мыңнан астам фактісі көрсетілген. Бұл сома Өнім берушіден ұсталған, бұдан басқа, шарт талаптарын бұзғаны үшін Өнім беруші бірден төлеген 2 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы есептелген.

Сот шешімімен «National Medical Park» ЖШС-нан «Салауатты Астана» ЖШС пайдасына қызметтердің тиісінше көрсетілмеуіне байланысты 41 млн.теңгеден астам қаражат өндірілген.

Алайда, біраз уақыттан кейін «National Medical Park» ЖШС сотқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – жоспардан тыс мониторинг жүргізуді, мониторинг жүргізу кезінде әрекетсіздік және анықталған бұзушылықтар бөлігінде қорытынды жасауды заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінеді.

МАЭС және апелляция талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

Соттар «Салауатты Астана» Қорының медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне жоспардан тыс мониторинг жүргізудің заңдылығын атап өткен. Өйткені, мониторинг Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындау жөніндегі қағидалардың 45-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүргізілген.

«National Medical Park» ЖШС бұл шешімдерге кассацияға шағымданды. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі қарап, жергілікті соттардың қорытындыларымен келісіп, шағымданған сот актілерін күшінде қалдырды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі