Жаңалықтар

Әкімдіктің өкілеттігіне өтінішті қарау кірмеген

02/11/2023

Әкімдік 2022 жылы «№2 учаскенің орамішілік алаңдарын санитарлық тазарту» мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады.  Тапсырыс беруші - әкімдік. Ұйымдастырушы - Активтер басқармасы.

№ 6001-23-00-6ап/352 

Лот бойынша «А» ЖШС конкурстың жеңімпазы болып, ал 2-ші орынды алған «Т» ЖК әлеуетті өнім беруші болып танылды.

Басқа әлеуетті өнім беруші «Б» ЖШС Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне веб-портал арқылы шағым, ал кейінірек азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы Е-otinish арқылы шағымға толықтырулар жіберді.

Соттар сенім құқығын қорғау қағидатын қолданды

31/10/2023

Астаналық 2002 жылы «Пәтер бюросы» МКК-мен жасалған жалдау шарты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерде тұрған.

6001-23-00-6aп/725

Жалдау шарты жыл сайын қайта жасалған, ал соңғы жағдайда 2020 жылдың қазан айында жалдау шарты одан әрі ұзартылған. Астаналық 2022 жылғы сәуірде кезекті рет өтінішпен жүгінген кезде, тұрғын үй мәселелерін қарау жөніндегі комиссия өтініш берушіге оның бюджеттік ұйымның қызметкері болып табылмайтынына сілтеме жасай отырып, шартты ұзартудан бас тартқан. 

Астаналық осы шешім бойынша сотта дауласты.

Қазақстан Сот әкімшілігінің басшысы IAСA вице-президенті болып сайланды

30/10/2023

Қазақстанның халықаралық ұйымда басшылық қызметтегі өкілдігі ерекше маңызды және елдің сіңірген еңбегін мойындау болып саналады.

Биылғы жылы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы (IACA) Буэнос-Айрестегі конференциясын «Сот төрелігіне қолжетімділік, өзгермелі әлемдегі әкімшілік қызмет және инновациялар» тақырыбын талқылауға арнады.

Оның жұмысына Қазақстан делегациясы қатысты, оның құрамында Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов болды.

ЖШС-нің көрсетілген қызметтерді қабылдау және олардың құнын төлеу туралы талаптары негізді

30/10/2023

Кәсіпорын (Тапсырыс беруші) және ЖШС (Өнім беруші) арнайы мақсаттағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептілік аудитін және арнайы мақсаттағы аудитті жүргізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Шарт сомасы – 1 800 000 теңге, орындалу мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

6001-23-00-3ГП/307

Жоғарғы Сот Төрағасының Республика күнімен құттықтауы

24/10/2023

Құрметті оқырмандар!

Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтауды қабыл алыңыздар!

Мемлекеттік егемендік туралы Декларация еліміздің Тәуелсіздігінің негізін қалады. Бұл – шын мәнінде тарихи құжат.

Жаңа мемлекеттің дамуының және оның әлемдік аренада танылуының негізгі векторы – ұлттық бірлік, бірігу және конфессияаралық келісім болды.

Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа міндеттер мен реформалар бізден сот қызметін жетілдіруді, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды және қоғамның сенімін нығайтуды талап етеді.

Республика күніне орай бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері марапаттарға ие болды

24/10/2023

Салтанатты жиналысты ашқан Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев 1990 жылы егемендік туралы Декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін қалағанын атап өтті. Ол Мемлекет басшысының «Мен үшін елдің әл-ауқаты мен жерімнің тұтастығынан асатын құндылық жоқ. Республика күні еліміздің мемлекетке деген шешуші көзқарасының нышаны болуға тиіс» деген тезисін еске салды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде

24/10/2023

ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Лаура Ағыбаева, Гүлнар Мергенова және Назгүл Рахметуллина тыңдаушылар ретінде «Қылмыстық сот төрелігі секторындағы әйелдердің көшбасшылығы» курсына қатысты. Оны Будапештте (Венгрия) 2 апта бойы Халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) өткізді.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Косово, Албания және Венгриядан барған судьялар, прокуратура және полиция қызметкерлері де қатысты.

Тіркеуші орган учаскені заңсыз қайта тіркеген

24/10/2023

Жесір әйел Т.-ның жер учаскесін М.-нің пайдасына заңсыз иеліктен айырғаны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (КЕАҚ), Жер қатынастары бөліміне (Бөлім) және Әділет басқармасына талап қоюмен сотқа жүгінген (6001-23-00-6ап/1258).

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырған. Дау айтылып отырған учаскеге тұрақты жер пайдалану құқығы Т.-ға тіркелген, оны М. иеліктен айырмаған. Оның үстіне, учаскені тіркеу заңсыз жүргізілген, өйткені, оның құқық белгілейтін құжаттары болмаған.

Жоғарғы Сотта кассациялық соттарды құру моделі депутаттармен талқыланды

23/10/2023

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бейінді комитеттерінің депутаттарымен Мемлекет басшысының дербес кассациялық сатыдағы сотты құру туралы бастамасын талқылады.

А. Мерғалиев депутаттық корпус алдында елордада орналасатын юрисдикция бойынша үш кассациялық сотты құру моделі туралы көзқарасымен бөлісті.

Беттер