Арқалықта сот 16 жыл құжатсыз өмір сүрген қыз баланың тууы туралы заңды деректі бекітті
09/10/2017
Арқалық қалалық соты 2000 жылғы 23 жолтоқсанда Арқалықта П.Татьянаның туғандығы туралы заңды деректі анықтады.
Татьяна П. он алты жыл бойы туу туралы куәліксіз өмір сүрген. Үй жағдайында дүниеге келген қыздың анасы баласын тіркеу және құжат алу үшін тиісті органдарға бармаған. Туу туралы заңды деректі анықтау жеке құжат алу үшін қажет.
Татьянаны апасы тәрбиелеп отыр, мектепте оқиды. Бүгінде анасының тұрғылықты жері белгісіз. Арқалық қалалық әкімдігі білім бөлімінің қызметкерлері адамның тууы туралы заңды дерегін бекіту туралы шағыммен сотқа жүгінген.
Істі қарау нәтижесінде сот Арқалық қалалық әкімдігінің білім бөлімі қызметкерлерінің заңды деректі анықтау туралы шағымын қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі