Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Жамбыл облысының судьялар қауымына облыстық соттың жаңа төрағасы Ербол Ахметжановты таныстырды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.
Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың бұрынғы төрағасы Рүстем Мырзакәрім, өңір судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және адвокаттар қатысты.