Адам құқықтары жөніндегі V Еуразиялық форумы
Сот төрелігі академиясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына орай «Адам құқықтары және оларды қорғау: теория, шындық және даму тенденциялары» атты V Еуразиялық форум өткізді.
Іс-шараға Конституциялық, Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Сот әкімшілігінің, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан, Әзірбайжан, Венгрия, Германия, Ресей және Өзбекстанның заң, сондай-ақ ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.