2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Жоғарғы соттары төрағаларының жыл сайынғы кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды.
Кеңес ШЫҰ шеңберінде сот саласы бойынша өзара іс-қимыл жасаудың консультациялық тетігі болып табылады.
Кеңес мынадай бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
ШЫҰ шеңберінде сот саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің сот саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері жөніндегі шешімдерін орындауға жәрдемдесу;
ШЫҰ Хатшылығымен және басқа да органдармен өз құзыреті шегінде практикалық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы және перспективалық мәселелерін шешу мақсатында тәжірибе және ақпарат алмасуға жәрдемдесу.
Өткен кеңестердің хроникасы;
Бірінші кеңес – 2006 жылы 20-22 қыркүйек Шанхай қаласы (Қытай);
Екінші кеңес – 2007 жылы 10-12 сәуір Санкт-Петербург қаласы (Ресей);
Үшінші кеңес – 2008 жылы 19-20 мамыр Астана қаласы (Қазақстан);
Төртінші кеңес – 2009 жылы 9-10 қыркүйек Бішкек қаласы (Қырғызстан);
Бесінші кеңес – 2010 жылы 26-28 мамыр Душанбе қаласы (Тәжікстан);
Алтыншы кеңес – 2011 жылғы 18-20 қазан Ташкент қаласы (Өзбекстан)
Жетінші кеңес - 2012 жылғы 23-25 сәуір Пекин қаласы (Қытай)
Сегізінші кеңес - 2013 жылғы 20-21 ақпан Мәскеу қаласы (Ресей)
Тоғызыншы кеңес - 2014 жылғы 4-5 қыркүйек Астана қаласы (Қазақстан)