2014 жылғы маусым

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы маусым

 

5-6 маусымда Көкшетау қаласында Астана қаласының ЕҚЫҰ Орталығы ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірге жергілікті соттар судьяларының қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекеттер мен оны алдын алудың өзекті мәселелері жөнінде тренинг өткізді.

 

5 маусымда Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотында одан әрі ынтымақтастықты талқылау мақсатында ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының басшысы Миро Диркомен кездесті.

 

6 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен (IRZ) бірлесіп, «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі – уақыт талабы» тақырыбында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциядағы жобасын талқылау шеңберінде халықаралық конференция өткізді. Халықаралық конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

 

9 маусымда Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ә.Т.Жүкенов ХАС/Х50 «Орталық Азия елдерінде Құқық үстемдігінің қағидаттарына сәйкес терроризмге қарсы күресу үшін қажет қылмыстық сот төрелігі жүйесін нығайту» жобасын қорытынды бағалау мақсатында БҰҰ Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік Өкілдігінің тәуелсіз консультанты Глин Рэнкинмен кездесті.

 

9-10 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Жоғарғы Соттың судьясы Қ.А.Шаухаров жұмыс сапарымен РФ Жоғарғы Соты Пленумының жұмысын зерделеу бойынша Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотында болды.

 

9 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Төрағасы В.М.Лебедевпен екі жақты кездесуі өтті.

 

10 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Халықаралық заңгерлер одағының VI съезі өтті. Оның жұмысына ХЗО Үйлестіру кеңесінің мүшелері - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәми және Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Б.Қаженов, сондай-ақ Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы, Судьялар  Одағының Орталық Кеңесінің хатшысы С.И.Райымбаев қатысты.

 

12-13 маусымда Минск қаласында (Беларус Республикасы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы А.О.Сәрсенбаев ТМД Экономикалық соты ұйымдастырған «Сауда мен инвестицияларды қорғау туралы өңірлік халықаралық шарттар»  тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты. 

 

13 маусымда Астана қаласында сот органдарымен ынтымақтастықтың басым мәселелерін анықтау мақсатында Жоғарғы Сот судьялары Еуропа Одағының халықаралық сарапшысы Довидас Виткаускас пен HTSPE International Programme Management Сараптамалық-консультациялық компанияның (Ұлыбритания) ұлттық консультанты  Назгүл Ерғалиевмен кездесті.

 

 

 

16 маусымда Алматыда БҰҰ Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік Өкілдігі ХАС/Х50 «Орталық Азия елдерінде Құқық үстемдігінің қағидаттарына сәйкес терроризмге қарсы күресу үшін қажет қылмыстық сот төрелігі жүйесін нығайту» жобасы шеңберінде іске асырылған іс-шаралар мен олардың бастапқы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі туралы қорытынды есебін таныстырып, талқылады.

 Оған Астана қаласы Алматы аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Р.Алшынбаев қатысты.

 

17-20 маусымда Жоғарғы Соттың судьясы В.М.Борисов Страсбургке (Франция Республикасы) оқу барысындағы сапармен Еуропа Одағының Венециандық комиссиясы ұйымдастырған судьялардың тәуелсіздігі мәселелері бойынша ең үздік халықаралық практиканы зерделеу жөніндегі конференцияға қатысты.

 

19-20 маусымда Астана қаласында ҚР Судьялар одағы мен «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры жергілікті соттардың судьяларына арналған «Орталық Азияда сөз бостандығын қорғау» жобасының шеңберінде өткізілетін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті мамандарының қатысуымен «Сот практикасында сөз бостандығы стандарттарын қолдану»  тақырыбында семинар өткізді.

 

24 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Ұлттық азшылық істері мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссары Астрид Торспен кездесуі өтті.