2014 жылғы наурыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

3-4 наурызда Астанада БҰҰ Даму бағдарламасының, ҚР Жоғарғы Сотының және  Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) ұйымдастыруымен  Германиядан шақырылған тренер-медиатор Артур Троссеннің қатысуымен бітістіру рәсімдері және медиация бойынша тренинг өтті.

Қазақстан судьялары бітістірудің басқа да құралдарымен, сотқа дейінгі тәртіпте дауларды шешу мүмкіндіктерімен қатар медиацияны қолдану ерекшеліктері туралы ақпарат алды.

 

4 наурызда Астанада ҚР Жоғарғы Сотында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Д.Д.Нуралин және ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Қуанова Фридрих Эберт атындағы қордың Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Пеер Тэшендорфпен және қордың Астанадағы өкілдігінің басшысы Зауреш Шутовамен кездесті.  

Кездесу барысында «Адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құжаттар» және «Қазақстан Республикасында ювеналды әділ сотты дамыту» жобалары аясында  Фридрих Эберт атындағы қор мен ҚР Жоғарғы Сотының ынтымақтастығының бағыттары анықталды.

 

5 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы И.С.Испанов және Департаменттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының басшысы Екатерина Паникловамен және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде «Медиация институтын Қазақстанға енгізу» және «Қазақстандағы сот мониторингі жүйесін жетілдіру» жобаларын іске асыру бойынша біріккен қызмет жоспары талқыланды.

 

6-7 наурызда Алматыда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы А.Т.Жукенов ҚР Бас прокуратурасының Құқық арқылы демократия жөніндегі Еуропалық комиссиямен  (Венециялық комиссия) бірге ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа редакциялары жобалары бойынша конференция жұмысына қатысты.

 

13 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми Монако Князьдігінің Әділет министрі (Заң қызметінің директоры), Мемлекеттік кеңес төрағасы Филлипп Нарминомен Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында кездесті.

 

14 наурызда Астанада  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы В.М.Борисов және ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Персоналды басқару бөлімі (кадрлар қызметі) меңгерушісінің орынбасары С.О.Төреханов ҚР Бас прокуратурасының және Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының (IRZ) ұйымдастыруымен өткен «Прокуратура органдарында кадр жұмысының тиімділігін психологиялық қамтамасыз ету арқылы арттыру. Кадр қызметтерінде «Полиграфты» (Өтірік анықтау детекторын) қолдану» атты дөңгелек ұүстелдің жұмысына қатысты.  

 

21-22 наурызда Венецияда (Италия Республикасы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәми және Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев Құқық арқылы демократия жөніндегі Еуропалық комиссияның  (Венециялық комиссияның) 98-ші жалпы отырысына қатысты.

 

24-28 наурызда ҚР Жоғарғы және жергілікті соттары судьяларының делегациясы Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) «Қылмыстық теріс қылық» тақырыбында танысу сапарымен барып қайтты.

Сапар Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Американдық заңгерлер ассоциациясымен (ABA/ROLI), Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорымен (IRZ) ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.

 

25 наурызда  Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясында) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы А.О.Сарсенбаев Қазақстанның үкіметтік делегациясы құрамында Еуразиялық экономикалық одақ сотының статуты жобасын талқылау бойынша профильді мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңесулердің кезекті раундына қатысты. 

 

27-28 наурызда Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірігіп, Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет етудің және алдын алудың өзекті мәселелері бойынша құқыққорғау органдарының өкілдеріне, судьялар мен прокурорларға арналған өңірлік тренинг ұйымдастырды. Оның жұмысына Астана қалалық сотының судьясы Г.Ж.Мергенова қатысты.