2014 жылғы шілде – тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

9 шілдеде Астанада ҚР Жоғарғы Сотында бұрын Жоғарғы Сот пен ЮНИСЕФ арасында қол жеткізілген кәмелетке толмағандардың істері бойынша қазақстандық соттардың тәжірибесіне бірлескен шолуды жүргізу және құжаттандыру туралы уағдаластық шеңберінде әдіснаманың жекелеген аспектілерін талқылау және деректерді жинау мақсатында Жоғарғы Сот судьясы Ғ.Б.Ақ-қуова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесті.

21 шілдеде Астанада жақын болашақтағы нақты іс-шаралар жоспарын талқылау үшін Дүниежүзілік банк өкілдерімен бейнеконференция өтті. Жоғарғы Соттан Аппарат басшысының орынбасары Қ.О.Елібаев және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

23 шілдеде Астанада Жоғарғы Сотта Аппарат басшысының орынбасары Қ.О.Елібаевтың және БҰҰДБ өкілерінің қатысуымен Жоғарғы Сот пен БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» және «Сот мониторингі жүйесін жетілдіру» жобаларын талқылау бойынша отырыс болып өтті.

26-27 тамызда Павлодарда Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорымен (IRZ)  бірлесіп, «Ақша қаражатын немесе заңсыз жолмен алынған өзге де мүлікті заңдастыруға қарсы іс-қимыл» тақырыбында судьяларға арналған өңірлік семинар ұйымдастырылды.

28 тамызда Астанада Жоғарғы Сотта ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасы Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің орынбасары Элизабет да Коштамен  кездесті. Кездесу барысында БҰҰ шарттық органдары қызметінің мәселелері бойынша құқық қорғау және сот органдары қызметкерлеріне оқу курстарын өңірлік бөлімшенің ұйымдастыруы үшін ҚР Үкіметі БҰҰ АҚЖКБ-ға нысаналы жарна ретінде енгізген ақша қаражатын іске асыруға қатысты Жоғарғы Соттың позициясы талқыланды.

28 тамызда Астанада Жоғарғы Сотта ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н.Әбдіқадыров және Жоғарғы Соттың судьялары Ж.Б.Архарова, И.А.Калашникова, В.В.Ноздрин Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасын әзірлеу мәселесі бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікке ықпал ету» GIZ бағдарламасының директоры Йорг Пуделькомен кездесті.