2014 жылғы сәуір

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов БҰҰ-ның Дін немесе сенім еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдтпен оның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында кездесті.

 

2 сәуірде ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Т.Ә.Қожан және Л.А.Ағыбаева ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Рут Пойманмен, оның Астанаға ресми сапары аясында кездесті.

 

2-3 сәуірде Ашхабад қаласында (Түркіменстан) ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ө.С.Қожабаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық түсімдерді заңдастыру туралы істерді анықтауда, тергеуде және сотта қарауда ұлттық деңгейдегі ведомствоаралық ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру саласында тәжірибе алмасу» тақырыбындағы семинарға қатысты. 

 

4 сәуірде Астанада ҚР Жоғарғы Соты Салықтар және инвестициялар бойынша халықаралық орталықпен бірге ҚР Жоғарғы Сотының және батыс өңірі (Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) соттарының судьяларына арнап, ҚР Қаржы министрлігі Салық және кеден комитеттерінің және бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Салық, кедендік және экологиялық дауларды шешудің өзекті мәселелері» атты семинар өкізді.

 

8 сәуір  ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Т.Ә.Қожан «Үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса отырып, адам саудасы құрбандарын, заңсыз кіргізген мигранттарды, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғауға, сондай-ақ оларға көмек көрсетуге қажетті Орталық Азия елдерінің әлеуетін күшейту» атты ХАС/Х44 жобасының қорытындысына, сонымен қатар тиісті мемлекеттік құрылымдардың және үкіметтік емес ұйымдардың адам саудасының құрбандарын, заңсыз кіргізілген мигранттарды анықтау саласындағы әлеуетін күшейтудегі жобаның үлесіне баға беруге қатысты. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігімен ұйымдастырылды.

 

10-11 сәуірде Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов Ресейлік әділсот академиясы ұйымдастырған «1860 жылдардағы Ресейдегі сот-құқық реформасы және қазіргі қылмыстық іс жүргізу құқығы» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

10-11 сәуірде Шымкентте Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетімен бірігіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет етудің және алдын алудың өзекті мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының өкілдеріне, судьялар мен прокурорларға арналған өңірлік тренинг ұйымдастырды. Оның жұмысына Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Н.Жұматаев пен мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы Г.Қыдырбаева қатысты.  

 

17-18 сәуірде Алматыда ресейлік медиа-эксперті Оксана Силантьеваның қатысуымен «Сорос-Қазақстан қайырымдылық Қоры» Бірлескен Қорының «Мултимедиялық журналистика тәжірибесі» тақырыбы бойынша тренингіне ҚР Жоғарғы Сотының судьясы В.М. Борисов  қатысты.   

 

21 сәуірде Астанада ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәми мен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаёси Камохараның екі жақты кездесуі өткізілді.

 

21 сәуірде Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Ресей Федерациясының Зияткерлік құқық жөніндегі сотымен ұйымдастырылған «Зияткерлік меншік – XXI ғасыр» VII Халықаралық форумының шеңберіндегі «Тауар белгілерінің құқықтық қорғауын ұсыну және тоқтату: теория мен тәжірибе мәселелері» тақырыбы бойынша өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Е.Т.Акмолдаева қатысты.    

 

21-22 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты негізінде Фридрих Эберт атындағы Қорының Астанадағы өкілеттігі, эксперттер доктор Герд Велинг және Анара Ибраеваның қатысуымен, Адам құқығы саласындағы халықаралық нормалар мен қағидаттарды қолдану бойынша аудандық және оған теңестірілген жалпы юрисдикциядағы соттардың төрағаларына (мамандығын арттыру бағдарламасы шеңберінде) арналған семинар  ұйымдастырды.   

 

23-25 сәуірде Алматыда Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ҚР Халық Банкі және ҚР-дағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп, Халық банкі, екінші дәрежелі банктер, Бас прокуратура, Қаржы полициясы, Жоғарғы Сот және де басқа мүдделі жақтарға арналған Ақшаның ағылуына және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру  (ПОД/ФТ) мәселелері бойынша семинар-тренингі ұйымдастырылды.  

Тренингтің жұмысына Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Л.Т.Мерекенов  және Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  Е.Р.Садуақасов қатысты.

 

24 сәуірде Санкт-Петербургте (Ресей Федерациясы) «Цивилистикалық іс-жүргізу заңнамасы мен атқарушылық іс-жүргізу туралы заңнамасын жетілдіру: теория мен тәжірибе» тақырыбы бойынша өткізілген Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Б.Д. Мақұлбеков қатысты.

     

24-25 сәуірде Брюссельде Еуропа Одағы өкілеттілігі ҚР Әділет министрлігімен қоса ұйымдастырған Әділ соттың әлуетін дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы отырысына және Заң үстемдігі Платформасының Басқарушы комитеті – Орталық Азия Екінші отырысына ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә.Б. Касенова қатысты.

 

24-25 сәуірде Ақтөбеде Фридрих Эберт атындағы Қордың Астанадағы өкілеттілігі эксперт ретінде ҚР Жоғарғы Соттың судьялары және неміс эксперті Герд Велингтің қатысуымен ювеналды соттар судьяларына, прокурорларға, адвокаттарға және әлеуметтік қызмет жұмысшыларына (психолог, социолог мамандары) арналған семинар өткізді.  

 

24-25 сәуірде Астана қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетімен қоса тұрмыстық зорлықты тоқтату және алдын алудың өзекті мәселелері бойынша аймақтық тренингті жергілікті соттар судьяларының қатысуымен өткізді.

 

25 сәуірде Астанада Әмбебапты мерзімді шолу ұсыныстарын жүзеге асыру және Азаматтық қауымның қатысуы барысында Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің имплементациялауы бойынша баяндама даярлау барысында Мекемеаралық үйлестіру тобының отырысына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Л.А. Ағыбаева, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Департаментінің Халықаралық байланыстар мен Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л. Смағұлова қатысты. Отырыс ҚР Әділет министрлігімен БҰҰ-ның даму бағдарламасымен қоса ұйымдастырылды.   

 

25 сәуірде Астанада және 26 сәуірде Қарағандыда ҚР Жоғарғы Соты Қазақстар Республикасындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия кеңесімен (GIZ) қоса Азаматтық кодекстің жаңа жобасын талқылау туралы дөңгелек үстелдер өткізді. Талқылауға Жоғарғы Сот және жергілікті соттар судьялары, орталық мемлекеттік органдар, Судьялар одағы,  ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңесі, шет ел эксперттері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілеттері қатысты.