Қараша 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ағымдағы жылғы 2-3 қараша күндері Ташкент қаласында: «Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттары (оның ішінде:  инквизициялық қағидат)»  тақырыбында халықаралық конференция өтті, оған ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Д.А.Шипп қатысты.

6-10 қараша аралығында Жамбыл облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.С. Сұлтанова   Бішкек қаласында өткен: «Тұрақты даму мүддесіндегі адам құқықтары мен бостандықтары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

8-9 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) делегациясы  Рига қаласында (Латвия) өткен соттарды  әкімшілендірудегі инновациялық жетістіктер мәселелері бойынша конференцияға қатысты.

9-10 қарашада ҚР Жоғарғы Сотының  судьясы Г.Б.Ақ-Қуова және Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.К.Әлхожаев ЕО және ЮНИСЕФ «Балалар үшін сот төрелігі жүйесін нығайту және олардың құқықтарын қорғау» бірлескен бағдарламасының жұмысына қатысты.

10-12 қарашада ҚР Жоғарғы Сотының  судьясы М.Т. Балкеннің қатысуымен Доха (Катар) қаласында Катар заңгерлік форумы өтті.

20-21 қарашада Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы О.А. Сәрсенбаевтың қатысуымен Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған саудадағы техникалық кедергілер бойынша TAIEX (техникалық жәрдем беру және ақпарат алмасу) семинары өтті.

21 қарашада Астана қаласында «Қазақстан: азаптауды және басқа да адамгершіліке жатпайтын және ар-ожданды төмендететін қарым-қатынас немесе жазалауды тиімді тергеп-тексеру және құжаттандыру (Стамбул хаттамасы)» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті, оған Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.Ж. Есенов қатысты.

22-23 қарашада ҚР Жоғарғы Сотының  судьясы И.А.Калашникова Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған интеллектуалдық меншік және  шекаралық бақылау шараларына құқықтар бойынша TAIEX (техникалық жәрдем беру және ақпарат алмасу) семинарына қатысты.

22 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ҚР Жоғарғы Сотының  судьялары Д.Д.Нұралиннің, Г.Б.Ақ-Қуованың, З.Б.Кейкібасованың, С.А.Жармұхамбетованың, Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Г.Шаяхметованың, ҚР ЖС жанындағы Сот төрелігі академиясының бас ғылыми қызметкері А.Р.Еңсебаеваның қатысуымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығының және ЮНИСЕФ Халықаралық конультантымен кездесу өтті.  

23 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Германия Қорымен (IRZ) бірлесіп, «Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту аясында қылмыстық процесті дамыту перспективалары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді, оған ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы  Қ.Ә.Мәми және Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы А.Д.Рахметулин қатысты.

23 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы Н. Шәріповтің Еуропалық Одақтың Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру жөніндегі Жобасының халықаралық сарапшылары Рей БЕРНИНГЕММЕН және  Энгельбертус  МААНМЕН соттарды әкімшілендіру мәселелері бойынша кездесуі өтті.

24 қарашада ҚР Жоғарғы Соты  Еуропа Кеңесінің қолдауымен «Қазақстан Республикасындағы сот билігінің тәуелсіздігі және соттарды әкімшілендіру мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өткізді, оған Еуропа кеңесінің сарапшылары, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, Қазақстандағы облыстық соттар әкімшілері қатысты.

28-29 қарашада Варшава қаласында (Польша) ҚР Жоғарғы Сотының  судьясы Г.Ж.Мергенова алдағы Қажеттіліктерді: Гендерлік мәселелер, әртүрлі және сот төрелігін бағалау бойынша есепті қарау үшін сарапшылардың  консультативтік кеңесіне қатысты.