Қыркүйек 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

7-8 қыркүйекте Прагада (Чехия) Жоғарғы Соттың судьясы Е.Т. Максютаның және Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Т.К. Бурбаевтың қатысуымен сот этикасы жөніндегі семинар өтті.

7 қыркүйекте ҚР Жоғарғы Сотында БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы К.Девандес-Агилярмен кездесу өтті. Кездесу Жоғарғы Соттың атынан         ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров сөз сөйледі.

10 – 15 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) ЭЫДҰ ұсынымдарының орындалуы туралы Қазақстанның қорытынды есебін тыңдау жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің жалпы отырысы өтті. Кездесуде Жоғарғы Соттың атынан Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  А.Д. Рахметулин, Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы Л.С. Кудекова, персоналды  басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д.К. Нұрпеісов сөз сөйледі.

11 – 15 қыркүйекте Будва қаласында (Черногория) Орхусс конвенциясы тараптарының және сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Б.Б. Шермұхаметовтің қатысуымен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық процестік құқықтарды қорғау мәселелеріндегі құқық үстемдігін ілгері жылжытудағы сот жүйесінің рөлі тақырыбындағы арнайы сессиясының кеңесі өтті.

13 – 28 қыркүйек аралығында Пекин қаласында Жоғарғы Соттың судьялары Б.Д. Мақұлбековтің, Р.Х. Жакудиннің, Алматы облыстық сотының азаматтық алқа төрағасы К. Досымбеттің, Астана қаласылық сотының судьясы         С.М. Әлімбаевтың, және ҚР Жоғарғы Соты Халықаралық байланыс Хаттамасы бөлімінің сектор меңгерушісі Р.М. Жауаровтың қатысуымен орталық және батыс елдері судьяларының семинары өтті.

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Дүниежүзілік Банк өкілдерімен кездесу өтті. Жоғарғы Соттың атынан ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы Н.К. Шәріпов, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті    (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаев сөз сөйледі.

25 – 29 қыркүйек аралығында Дуньхуан қаласында (ҚХР) ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәмидің, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы       М.А. Әкетайдың, Халықаралық байланыс және Хаттама бөлімінің бас консультанты Н.Ж. Тасболатовтың қатысуымен «Жібек жолы» сот ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық форум өтті.