Сәуір 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

3-5 сәуірде Астана қ. БҰҰ Орталық  Азиядағы Алдын алу Дипломатиясының Өңірлік орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару  академиясымен және Дипломатиялық қызмет академиясымен бірлесіп «ОА мен Ауғаныстан елдерінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған делдалдық және дауларды болғызбау саласындағы әлеуетті  ұлғайту» деген тақырыпта тренинг өткізді. Осы тренингке Жоғарғы Соттан Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д.Н. Еңсебаев қатысты.

3 және 19 сәуірде Астана қ. Сот төрелігі академиясы және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) көмегімен Жоғарғы Сот тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істерді қарау жөніндегі халықаралық стандарттар мен үздік практикалар бойынша семинар-тренингтер өткізді. Семинарға республиканың аудандық  соттарының төрағалары мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарының судьялары қатысты.

4 сәуірде Қазан қ. мынадай: «Ресей Федерациясындағы заманауи кезеңдегі алқабилер сотының реформасы: іске асыру проблемалары және  перспективалары» деген тақырыпқа арналған бүкіл ресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ә.Ж. Құрықбаев қатысты.

5 сәуірде Астана қ. ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Мамандандырылған алқа төрайымы А.Қ. Қыдырбаеваның басшылығымен Заңгерлердің Халықаралық қауымдастығының өкілдерімен: Др.Филипп Тахминджиспен, ЗХҚ Адам құқықтары институтының директорымен және Юрате Гузевичутэмен, ЗХҚ бағдарламалық Заңгерімен кездесу өткізді.

3-7 сәуірде ЕО жобасы шеңберінде Англия мен Уэльстің  пробация қызметінің жұмысын зерттеу мақсатында, атап айтқанда, сотқа дейінгі, пенитенциарлық және  пенитенциарлықтан кейінгі пробация (құқық бұзушының тәуекелін бағалау, сотқа дейінгі баяндаманы жасау, әлеуметке қосу және пробация офицерлеріне арналған тренингтер бойынша жеке-дара бағдарламалар) жөніндегі мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Е.М. Рахымбеков  Ұлыбританияға оқу сапарымен барды.

6 сәуірде Астана қ. ҚР Жоғарғы Сотының Мамандандырылған сот алқасының төрайымы А.Қ. Қыдырбаеваның ABA ROLI өкілдері – Ш.Ташмұхамбетовамен және Н. Соколовамен  кездесуі өтті.

6 сәуірде Мәскеу қ. «Қорытынды сот шешімдерінің орындалуын қылмыстық-процестік реттеу» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. ҚР Жоғарғы Сотынан судья Ғ.Ш. Мұсабекова қатысты.

10-11 сәуірде Астана қ. Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрайымы Тоқбаева Айнаш Абдымановна жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында ҚР Жоғарғы Сотында, ҚР Жоғары Сот Кеңесінде және ҚР Бас прокуратурасында кездесулер болып өтті. Делегация электрондық сот ісін жүргізу бағдарламасымен танысу үшін Астана қаласының сотында болды.

14 сәуірде Астана қ. ҚР Жоғарғы Соты ЕҚЫҰ-мен бірлесіп: «Азаматтық істер бойынша, оның ішінде  Орхусс конвенциясынан туындайтын даулар бойынша экологиялық заңнаманы сотта қолдану» деген тақырыпта судьяларға арналған оқу семинарын өткізді. Қатысушылар ҚР Жоғарғы Соты тарапынан судьялар Б.Б. Шермұхаметов, Р.Н. Мамырбаев, Т.Ә. Қожан сөз сөйледі.

17 сәуірде ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Ғ.Б. Ақ-қуова, З.Б. Кейкібасова ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өткізді.

18 сәуірде Жоғарғы Сотта ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми Қазақстан Республикасындағы  АҚШ Елшісі Дж. Крол мырзамен кездесу өткізді.

19 сәуірде ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы АҚШ Елшілігінің қолдауымен:  «Адам саудасына қарсы іс-қимыл» деген тақырыпта судьяларға арналған семинар өткізді.

20-29 сәуірде ҚР судьяларының делегациясы атынан  Е. Максюта, Т. Баратбеков, А. Шәмшиев, А. Есімова, В. Тохтарбаева дауларды реттеудің баламалы тетіктерін, делдалдықты және сот әдебін талқылауды қоса алғанда, сот  реформасын, арнайы соттардың, сот ісін жүргізуді ұйымдастыру рәсімін зерттеу мақсатында «Open World» кәсіби алмасу бағдарламасына қатысты (АҚШ).

21 сәуірде Талдықорған қ. Заңгерлердің америкалық қауымдастығының ABAROLI көмегімен азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша сот шешімін жасау әдістемесі бойынша семинар болып өтті. Семинар Алматы облысының аудандық судьялары және оларға теңестірілген судьяларға арналып өткізілді.

22-29 сәуірде ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми Сеул қ. ресми сапармен барды. Сапар аясында ұлттық сот жүйесін жетілдіру жөніндегі тәжірибені және мүмкін болатын өзара іс-қимылды талқылауды, соттарды заманауи әкімшілендіруді және сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдануды терең зерттеу көзделген. Делегация құрамына: ҚР Жоғарғы Сотының судьясы А.С. Смайлов, Астана қ. сотының төрағасы Т.Е. Барпыбаев,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Ә.Б. Қасенова кірді.

28 сәуірде Астана қ. ҚР-дағы Фридрих Эберт атындағы Қор өкілдігімен жоба шеңберінде жүргізілген «Сот жүйесі және бұқаралық-медиа: тиімді диалог және сындарлы ынтымақтастық» тақырыбына арналған семинар/тренинг болып өтті.

30 сәуірде - 2 мамырда сот төрелігі саласындағы және құқық қорғау жүйесіндегі  реформалардың тәжірибесін зерттеу үшін Грузияға (Тбилисиге) сапар болды. Жоғарғы Соттан делегация құрамына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Қ.Ә. Шаухаров және  Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі С.Б.Омаш кірді.

30 сәуірде - 8 мамырда Вашингтон қ.  Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық Валюта Қорының  «Doing Вusiness» тобы бойынша көктемгі кездесуі болып өтті, оған ҚР Жоғарғы Соты Департаментінің Талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Н.М. Мерманқұлов қатысты.