Тамыз 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

23-24 тамызда  Шымкент қаласында Өзбекстанның Жоғарғы Сотының делегациясы Жоғарғы Сот төрағасы К.Камилов мырзаның басшылығымен Оңтүстік  Қазақстан облыстың және жергілікті соттарына барды. Ресми сапар барысында Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселері талқыланды.  

 27 - 30 тамыз аралығында ҚР Жоғарғы Соты Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвенетадзенің басшылығымен  Грузия судьялары сотының делегациясын қабылдады. Сапар барысында Гвенетадз ханыммен Жоғарғы Сот Төрағасы Қ. Ә. Мәмидің, Жоғарғы Соттың, Астана қаласы соты судьяларының  кездесуі өтті және EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды.

28 тамызда Жоғарғы Сотта Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Ә. Мәмидің, АХҚО басқарушысы Қ. Ж. Келімбетовтің, Ұлыбритания Жоғарғы Сотының экс-судьясы  Лорд Вульфтің қатысуларымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.