Батыс Қазақстан облыстық соты Банк салымшысының құқығын қорғады
Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматша Х-тің Банкі-нан депозит бойынша сыйақы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша сот шешімін өзгеріссіз, жауапкер Банкі-ның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
Талапкер талап арызымен сотқа жүгініп, Банк тараптардың 12 ай мерзімге жасаған банктік салым шарттарын бұзып, 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін 2 333,77 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйақыны төлемеген деп есептейді.