Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов Тасқала ауданының тұрғындары мен қоғам белсенділерімен кездесті
Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тасқала ауданына жұмыс сапары барысында оның тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімі, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, ҮЕҰ, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, құқық қорғау өкілдері, ауыл ақсақалдары, Тасқала, Амангелді, Ақтау, Мереке, Шежін, Қосшы, Мерей, Достық, Қазақстан ауылдық округтерінің кәсіпқой емес медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.