Қашықтан байланысу құралын қолдану сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетеді
Батыс Қазақстан облысының соттарында жаңа жылдың өткен айы ішінде бейнеконференц байланысты қолдана отырып 90 іс пен материалдар (2018 жылдың қаңтарында – 25) қаралды. Сот процестеріне қатысушылар жеке себептерге байланысты әр түрлі жерлерде болып, БКБ және «TrueConf» ұялы қосымша арқылы істің тыңдауы жүріп жатқан бір online-конференцияға қосылған.