брифинг

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров 2016 жылы сот төрелігін атқарудың сапасы жақсарғандығын атап өтті

26/01/2017

Брифингте сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, өткен жылда өңір соттарына 158 225 астам  (18,1% артқан) арыздар мен істер түскенін атап өтті.  

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов: «Сот жүйесін жаңғырту сот төрелігі жүйесі қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған»

19/01/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов БҚО соттарының 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін өткізді.

Баспасөз мәжілісіне спикер рөлінде облыстық соттың алқа төрағалары Мирамбек Нағашыбаев пен Бақытбек Бегалиев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары  Есенбай Боранбаев, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Хабиболла Аманқұлов қатысты.

Алматы облысының судьялары тілшілерді жаңа Судьялық әдеп кодексінің ережелері туралы хабардар етті

27/12/2016

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Республика Судьяларының VII съезд делегаттары судьялардың VII съезінің жұмысы туралы және Елбасы сот корпусының алдына қойған міндеттер туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Брифингті облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет, облыстық сотының судьясы  Нұргүл Жекенова, Талдықорған мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұржан Қарабаев өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының соты брифинг өткізді

07/12/2016

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары VII съезінің қорытындылары бойынша журналистерді ақпараттандырып, 2016 жылғы 11 айдағы сот төрелігін іске асыру сапасының негізгі көрсеткіштері туралы сөз қозғады.

Аталмыш іс-шараның спикерлері ретінде облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов,  облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко қатысты.

Атырау судьялары VII судьялар съезінің қорытындысы бойынша брифинг өткізді

06/12/2016

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің Атырау бойынша филиалында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы судьяларысының VII съезі» тақырыбында брифинг өтті.

Шараға спикер ретінде съез делагаттары Судьялар Одағы филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев, облыстық сот судьясы Р.Аққұлова, Атырау қаласының №2 сотының төрағасы А.Ташенова және қалалық соттың судьясы М.Саримова қатысты.

Судьялардың VII Съезіндегі Делегаттары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді

28/11/2016

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл облыстық филиалында өткен брифингте Қазахстан Республикасы Судьяларының VII Съезіндегі Делегаттары: Жамбыл облысы бойынша Қазахстан Республикасы Судьялар Одағы филиалының төрайымы Сұлтанова Т.С., Жамбыл облыстық сотының судьясы Сыздықова Г.К., Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Төлесбай С.Н.

Судьялардың VII съезі қарсаңында Жоғарғы Сот Ұлт Жоспарының барлық қадамдарын табысты іске асырды

17/11/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі мен Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі сот жүйесінің дамуына арналған брифинг өтті.

Брифинг жұмысына Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков пен Жоғарғы Соттың судьясы Ғалымжан Мырзаке қатысты.

Судьялардың VII съезі ағымдағы 21 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өтеді. Іс-шараға барлығы 700 делегат пен съезд қонақтары қатысады.

Жаңа Азаматтық процестік кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін жақсартты

01/11/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа Азаматтық процестік кодекстің Ұлт Жоспарын іске асырудағы рөліне арналған брифинг болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Бас прокуратура 4-ші Департаменті Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Қайрат Раисов қатысты.

Қызылорда облыстық сот брифинг өткізді

07/10/2016

Қызылорда облысының Орталық коммуникациялар қызметінде «Облыс соттарының 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары және Ұлт жоспары 100 қадамнан туындаған міндеттер» тақырыбындағы брифинг өткізілді.

Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет облыс соттарының 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары, сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар, Елбасының 100 нақты қадам «Ұлт Жоспары» аясында атқарылған шаралар туралы айтып өтті.

Маңғыстау облыстық соты брифинг өткізді

05/10/2016

Маңғыстау облыстық комуникациялар қызметінде «Сот төрелігінің жүзеге асырылуы» тақырыбында брифингі өткізілді.

Журналистердің сұрақтарына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж. Аланов, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Н. Тұржанов, БАҚ-пен байланысты үйлестіруші судья А. Молбаева жауап берді.

Беттер