брифинг

Бүгін ОКҚ-де «Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялар және сот процесіне қатысушылар арасындағы электронды онлайн-сауалнаманың қорытындысы» тақырыбындағы брифинг өтті

22/09/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Соттардағы жаңа ақпараттық технологиялар және сот процесіне қатысушылар арасындағы электронды онлайн-сауалнаманың қорытындысы» тақырыбында брифинг болып өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба, Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта және Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Аманжол Мұхамедияров қатысты.

Әскери соттың төрағасы журналистерге арнап брифинг өткізді

28/07/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап брифинг өткізді.

Журналистердің сұрақтарына судья В.Рычков пен Әскери соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов де жауап берді.

Брифинг барысында судьялар БАҚ өкілдерін Жоғарғы Сотқа тиесілі Ұлт Жоспарының 11 қадамының іске асырылуы және 6 айда әскери соттардың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы айтты.

Қостанай облыстық сотының судьялары журналистерге арнап брифинг өткізді

26/07/2016

Қостанай облыстық сотында сот алқаларының төрағалары Владимир Долгих пен Арман Шәмшиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингке қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы 2016 жылдың 6 айында соттардың атқарған сот төрелігі қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

22/07/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Орталық коммуникациялар қызметінің Батыс Қазақстан филиалында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыс соттарының 2016 жылдың жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.  

Спикерлер ретінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Оразова сөз сөйледі.

Қызылорда облыстық соты 2016 жылдың алты айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

19/07/2016

Қызылорда облыстық сотында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов, судьялар Артур Наримов пен Шолпан Маликованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында журналистерді 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша хабардар етті.  

Маңғыстау облыстық сотының судьялары БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді

19/07/2016

Маңғыстау облыстық сотында  2016 жылдың 1 жартыжылдығының облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте төраға міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин, облыстық соттың судьясы Гулжахан Иманғалиева, Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Өмірзақ Садықов жауап берді.

Талдықорғанда облыстық сот судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі

01/07/2016

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық сотының судьялары Нұргүл Айымханова және Нұргүл Жекенова брифинг өткізді.

Брифингте судьялар Ұлт Жоспарында сот жүйесіне бекітілген реформалардың сәтті жүзеге асырылуы туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Қызылорда облыстық соты брифинг өткізді

14/06/2016

Бүгін Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығында «Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесінің реформалары» тақырыбында брифинг өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов пен қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев қатысты.

Маңғыстау облысының судьялары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

29/04/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық комуникациялар қызметі Маңғыстау облыстық филиалының алаңында өткізілген брифингке Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Айжан Молбаева, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Өмірзақ Садықов қатысып,  сот төрелігін жүзеге асыру  бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында  атқарылған  жұмыстардың қорытындысын БАҚ өкілдеріне хабардар етті.

Ақтөбе облыстық сотының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарының қорытындыларын жариялады

27/04/2016

«Ақтөбе ақпараттық орталығында» өткізілген брифингте облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық соттың судьясы Нұрила Сатыбалдина, Соттар әкімшісінің басшысы Әсет Мамбетов журналистерге облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады.  

Беттер