экскурсия

Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотының қызметкерлері Ақыртас сарай кешенімен танысты

05/09/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде, сонымен қатар, сот қызметкерлерінің рухани-мәдени танымын кеңейтіп, патриоттық сана-сезімін арттыру мақсатында Байзақ аудандық соты Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Ақыртас сарай кешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай қызметкерлері VIII-IX  ғасырлардағы Ақыртас ежелгі ғажайып ескерткішінің тарихы туралы айтып өтті.

БҚО кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнап Мәншүк Мәметова атындағы мұражайға экскурсия ұйымдастырды

14/04/2015

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында, балалар мен жастарды патриотизмге баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында, 2015 жылдың 9 сәуір күні БҚО кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнап Мәншүк Мәметова атындағы мемориалды мұражайға экскурсия ұйымдастырды.

Мұражай қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерліктері туралы баяндады.