қылмыстық іс

Риддер қалалық соты полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады

28/09/2015

Риддер қалалық соты Риддер ІІБ-нің кезекші бөлімі бастығы Ш.Түсіповке және оның көмекшісі Д.Кәрібаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Полиция майоры Ш. Түсіпов, патрондарды (оқ-дәріні) сақтауға және есепке алуға материалдық-жауапты тұлға бола тұра, сату мақсатында  Риддер ІІБ-нің кезекші көмекшісі Д.Кәрібаевпен алдын-ала сөз байласып, оқ-дәріні ұрлауға бағытталған қылмыстық келісімге  келген.

Ақтөбеде көші-қон полициясының қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды

27/05/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК-нің 325-бабының 2, 3 - бөлімдері, 177- бабының 3-бөлімі «б», «г» тармақтары, 307-бабының 2-бөлімі бойынша (жалған құжаттарды қолдан жасап, дайындау мен өткізу, алаяқтық және қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмыстары) айыпталған Өзбекстан Республикасының азаматтары Т.Мұратбаев, А.Бекетова, Б.Кұлшарова және көші-қон полициясының қызметкерлері Г.Бексұлтанова мен Г.Танбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Шығыс Қазақстан облысында пара беруге арандатушы адамға қатысты үкім шығарылды

22/05/2015

Өскемен қаласының №2 соты басқаның мүлкін алдау жолымен иемденген ҚК 190-бабы 1-бөлігі, 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігіне сәйкес Т.Беріковке  қатысты үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін А.Рычковқа қатысты  қылмыстық  іс қозғалған.  Ол туралы бұрын бұзақылығы үшін сотталған  Т.Беріков білген. Ол А.Рычковқа істі жауып беруге уәде етіп өзінің көмегін ұсынады. 300 000 мың теңге керектігі туралы мәселе шешіледі. 

Есірткі тасымалдаушы 18 жылға сотталды

29/04/2015

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, заңсыз аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізген Тәжікстан Республикасының азаматы А.Ризоевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Қарағанды облысының адвокаттар алқасының бұрынғы адвокатына қатысты сот үкімі шығарылды

08/04/2015

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты Қарағанды облысы адвокаттар алқасының бұрынғы адвокаты М. Блащенкоға қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабының 2-бөлігі «а, в» тармақтары, 177-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (адамдар тобының алдын-ала сөз байланысуы бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық), 321-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Өткен жылы бас бостандығынан айыруға сотталғандар санының үлес салмағы азайды

27/01/2015

Жалпы 2014 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда бас бостандығынан айырылып сотталғандардың үлес салмағы 0,3%-ға азайған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға 2014 жылы барлығы 1 568 іс түскен. Олардың ішінде 1 556 іс немесе 99,2%-ы үкім шығару арқылы қаралған.

Осы соттарда алқабилердің қатысуымен 64 іс бойынша  121 адамға қатысты үкім шығарылған, оның ішінде 118 адам сотталып, 3 адам ақталған.

Ақтауда дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс бойынша қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды

27/01/2015

Ақтау қалалық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабының 4-бөлігімен (бұрынғы редакция) «Ақтау қалалық перинаталды перзентхана үйінің» директорының міндетін атқарушы Ж.Керімбековаға, босану бөлімінің меңгерушісі С.Аймекенге және анестезиолог-реаниматолог С.Сарбасовқа қатысты  қылмыстық іс бойынша қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Генерал-лейтенант Н.Жоламановқа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды

26/01/2015

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235-бабының 3-бөлігімен, 311-бабының 5-бөлігімен сотталушы генерал-лейтенант Н.Жоламановқа және 235-бабының 3-бөлігімен, 311-бабының 5-бөлігімен сотталушы Қ.Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.

Беттер