Қостанай облыстық соты

Қостанай облыстық сотында сотқа құрметтемеушілік таныту мәселелері талқыланды

13/03/2017

Қостанай облыстық соты судьяларға «Сотқа құрметтемеушілік таныту» тақырыбында қашықтықтан оқыту өткізді.

Бұл тақырып өзектілігі елімізде сот билігінің имиджін үнемі нығайтып отырмен, жүргізіліп жатқан реформалармен, қоғамда сотқа және тұтас мемлекеттік билік институтына құрметпен қарауды қалыптастырумен байланысты.

Қостанайда сот екі шаруашылық арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен шешті

03/03/2017

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Журжа» шаруа қожалығыныңөкілі «ОПТИСОРТ»  ЖШС-нен айыпақыны өндіру туралы шығымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері болып табылатын  адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түскен.

Қостанай облысының екі аудандық сотында жаңа төраға тағайындалды

28/02/2017

Облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Таран және Наурызым аудандарының активіне аудандық соттардың жаңадан тағайындалған төрағалары - Сабыр Тажкенов мен Серік Әміровпен таныстырылды.

«Төрағалар - өз ісінің мамандары. Жаңа қызметте де олар әділдік пен заңдылық жолындағы қажырлы еңбегін жалғастыратындықтарына сенімдімін,- деді А.Мерғалиев.  Олар ұзақ жылдар сот жүйесінде еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған мамандар, теориялық және кәсіби біліктілігін бағалаған аттестациялық комиссияның оң бағасын алған  судьялар.

Қостанайда судьялар Жоғарғы Соттың пилоттық жобаны іске асырудың кей мәселелерін талқылады

27/02/2017

Қостанай облыстық соты «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Бітімгершілікке келтіру рәсімдеріндегі проблемалық мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Қостанай судьялары медиацияны қолдану мәслелерін Ресей Федерациясының медиаторларымен талқылады

23/02/2017

Қостанай облысының судьялары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында өткен «дөңгелек үстел» барысында медиация - дауды шешудің оңтайлы түрі ретінде талқылады.

Аталған шара медиация институтының дамуы барысында тәжірибе алысу мақсатында ресейлік медиаторлардың онлайн-режимінде қатысуымен өтті. Тақырыпты талқылауға Ресей Федерациясының Сібірлік конфлитология орталығының директоры Марат Авдыев, кәсіби медиаторлар, заң факультетінің оқытушылары, білім саласының қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері мен студенттер қатысты.

Мәжіліс депутаты С.Бычкова: «Егер судья сапалы жұмыс істесе, істің қаралу мерзімі мен тәртібін сақтаса, оның әрекетіне шағым түспесе, оған тағылар мін жоқ»

10/02/2017

Қостанай облыстық сотында судьялар Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычковамен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы талқыланды.  

"Сот төрелігін жүзеге асыруда судья заңды басшылыққа ала отырып, әр істі берік ұстаныммен қарауы керек"- Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев

03/02/2017

Қостанай облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиевтің және облыс судьяларының қатысуымен 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Өткен жылғы сот қызметінің нәтижесін сараптау облыстық соттың алқа төрағалары А.Шәмшиев пен В.Долгихтің баяндамаларынан басталып, олар жұмыс көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық сотында болды

03/02/2017

Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылаудан басталды.

Жолдауды талқылау барысында Президент Жолдауында елімізде сот жүйесіне деген халық сенімінің деңгейін арттырып, сот қызметіне заңсыз ықпал ету әрекеттерін болдырау керектігі жазылғаны айтылды.

Қостанайда ювеналдық сот республикалық «Асыл бала» Ассоциациясының филиалымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті

02/02/2017

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және республикалық «Асыл бала» Ассоциациясының филиалы өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті.

Меморандум бекітудегі негізгі мақсат – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі аясында ортақ шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Беттер