Қостанай облыстық соты

Қостанайда сақтандыру төлемақысын өндіру туралы арыз медиация арқылы шешілді

25/04/2018

Қостанай қалалық сотында Д. «Нұрполис» сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемақысының қалған сомасын өндіру туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, шағымданушы көлігімен Х-ның автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік апатына ұшыраған. Жол-көлік оқиғасына айыптының жауапкершілігі жоғарыда аталған сақтандыру компаниясында сақтандырылған. Осының нәтижесінде автокөлікке залал келтірілген.

Қостанай облыстық соты мен өңірдің кәсіподақ орталығы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19/04/2018

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Екатерина Смышляева Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум даулар мен жанжалдарды реттеу бойынша тұрғындарға кешенді қызмет көрсету үшін аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің ғимараттарында Татуластыру орталығын ашу, сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу институтын белсенді түрде енгізу, жан-жақты дамыту аясында өзара ынтымақтастық  орнату мақсатында жасалды.

Қостанай облысында апелляциялық сот отырыстарын қашықтықтан өткізуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылды

07/02/2018

Қостанай облыстық сотын төрағасы Асламбек Мерғалиев судьялардың кеңейтілген жиынында Торғай өңірінен түсетін апелляциялық шағымдарды Арқалық қаласында қашықтықтан қарау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғандығын хабарлады.

Оралда, Таразда, Қызылордада және Қостанай соттар сотта қолданылатын ІТ-технологияларды презентациялады

13/12/2017

Батыс Қазақстан облыстық соты жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушыларына республика соттары қолданатын ІТ-технологияны презентациялады.

Шараға облысымыздың төрт жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылық құрамы, жастар ісі жөніндегі комитет пен ресурстық орталық және БАҚ өкілдері қатысты.

БҚО соттар Әкімшісі Нұрлан Қажғанов қонақтарды қарсылап, оларды электронды ақпараттық киоскісі мен сот кеңсесі жұмысымен таныстырып, сот отырыстары залдарын аралатты.

Қостанай облыстық сотында белгілі қазақ жазушысы Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші өтті

11/12/2017

Қостанай облыстық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұған дейін ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған кеш, Елбасының өмір жолына негізделген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде басты рөлді сомдаған актермен кездесу, сонымен қатар, жуырда театрға барып, «Кейкі батыр» қойылымын ұжымдық тамашалау ұйымдастырылған болатын.

Қостанайда Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары Ж.Байшевтің қатысуымен сот ісін жүргізуде халықаралық келісім нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

03/11/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотында Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары Жолымбет Байшевтің, облыстық және қалалық сот судьяларының, прокуратура, облыстық адвокаттар алқасының, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер жөніндегі департамент өкілдерінің қатысуымен «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде халықаралық келісімдер нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

Қостанайда сот жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дауды медиация тәртібінде шешті

01/11/2017

Жұмыс беруші Н. өз қарамағында жұмыс істеген К-дан 1 774 320 теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіріп алу туралы шағыммен Қостанай қалалық сотына жүгінген.

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде талапкер мен жауапкер еңбек және толық материалдық жауапкершілік шарттарына қол қойған. Көп ұзамай жауапкер К. «Рено» автокөлігінің жүргізушісі ретінде өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында жол-көлік оқиғасына жол беріп, талапкерге материалдық залал келтірген.

Қостанайда пәтерінен айырылу қауіпінде болған азаматша сотта қызымен татуласып, бітімгершілікке келді

27/09/2017

Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны сыйға тарту келісімін жарамсыз деп тану туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген. Осыдан бір жыл бұрын ол өзінің үш бөлмелі пәтерін қызына сыйға тарту шартын рәсімдеген. Жылжымайтын мүлік 27 жастағы азаматшаға туристік визамен АҚШ-қа баруы үшін керек болған. Ол кейін көші-қон жағдайын өзгеріп тұрақты сол елде қалуды жоспарлаған. Қызы анасына америкалық визаны алған соң пәтерді өзіне қайта рәсімдеуге уәде етеді.

Қостанайда заңды тұлғалар арасындағы берешекті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде аяқталды

21/09/2017

Екі заңды тұлға арасында шарт жасалып, соған сәйкес ЖШС мердігер ретінде Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Надеждин кенішінің карьерін дегран одиориттерді 200 000 текше метр көлемінде жарылыс жұмыстарын орындауын жүзеге асырған.

Қостанай облысында сот ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу туралы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеді

12/09/2017

Қостанай облысының Рудный қаласында 16 жыл отасқан ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы шешімге келген. Олардың кәмелет жасқа толмаған қызы анасымен бірге тұруды қалаған.

Р. сотқа ортақ мүлікті бөлу туралы талаппен жүгінді: талапкердің бұрынғы күйеуі – жауапкердің меншік құқығында «Volkswagen Caravelle», «Mercedes-benz Vito» маркалы екі қымбат автокөлік пен екі гаражы бар.  

Беттер