Қостанай облыстық соты

«Отбасы соты» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде

21/01/2019

Қызылорда облыстық соты мен білім басқармасы мектеп оқушылары арасында «Менің отбасым» суреттер мен «Отан - отбасынан басталады» тақырыбына эссе жазудан байқауын өткізді.

Іс-шараға судьялар, ішкі істер органдарының, «Рухани жаңғыру» орталығының басшылары, білім бөлімдерінің мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қостанай облысының экономикалық сотында фронт-офис ашылды

18/01/2019

Ашылу салтанатына сот жүйесінің ардагерлері, әкімдік, прокуратура, кәсіпкерлер палатасы өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Іс-шарада сөз алған спикерлер соттың кедергісіз принцип бойынша жұмысының өзектілігін атап өтті. Жоба «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде.

Қостанайда екі жарылған үй бойынша тапсырыс берушілер мен құрылыс салушылар арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

10/01/2019

Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты салынған және салынып жатқан үйлерге демонтаж жасауға мәжбүрлеу, төленген қаражатты бюджеттен өндіріп алу туралы істер бойынша 2 бітімгерлік келісімді бекітті.

Даулар тараптары - Қостанай қ. әкімдінің Құрылыс бөлімі атынан тапсырыс беруші және  құрылыс салушылар – төрт құрылыс ЖШС-ы.

Судьялардың бітімгерлік келісім жасасудың артықшылықтары туралы бірнеше мәрте түсіндіруінен кейін тараптар дауды бітімгерлік жолмен реттеуге келісті.

Қостанайдың Кәсіподақтар үйінде «Татуласу орталығы» ашылды

21/11/2018

Қостанай облыстық соты Кәсіподақтар үйімен бірлесіп «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Татуласу орталығын ашты. Орталық дауларды соттан тыс шешуді кеңейту және қоғамдағы жанжалды төмендету бағытында жұмыс істейтін болады.

Ашу рәсіміне судьялар, кәсіподақ өкілдері, ардагерлер, медиаторлар, адвокатура мен нотариаттық палата қатысты.

Сот азаматтардың құқықтарын қорғады

14/11/2018

Қостанай облысының Алтынсарин аудандық сотына П. тұрғын үйден Ф.-ны шығару туралы талап қойып жүгінді. Осы өткен жазда К. деген әйел  Ф. деген 87 жастағы зейнеткер әйелді тұрғын үйден шығаруды ұйғарды. Ол сотқа берген талап-арызында қарт әйелдің кезінде үйді сатып алмақ болып, оның ақшасының тек бір бөлігін ғана бергенін атап көрсетті. Олар сондықтан Ф. үйде тұра тұрады, ал К. сатып алу-сату шартын ресімдеумен айналысады деп өзара келіседі. Құжат ретке келтірілген кезде зейнеткер әйел үйдің ақшасын толығымен төлеуден немесе үйді босатудан бас тартады.

Қостанай облысында сот кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартудан қорғады

01/11/2018

Қостанай облысының Денисов аудандық соты ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Агрофирма «Олимп»» ЖШС-ге қатысты қозғалған іс бойынша іс жүргізуді осы кәсіпорынның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан  тоқтатты.

Қостанайда сотта және соттан тыс татуласу мүмкіндіктері талқыланды

24/10/2018

Қостанайда болып өткен конференцияға қатысушылар «Сот төрелігінің  жеті түйіні» бағдарламасының «Татуласу: сотқа дейін, сотта»  жобасын іске асыру шеңберінде татуласу рәсімдерінің мәселелерін талқыға салды.

Қостанай облысының сотында бір күннің ішінде бес әкімшілік істі жүргізу қысқартылды

17/10/2018

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде судьялар тараптарды татуластыруға басымдық берді.

Алтынсарин аудандық сотына ағымды жылдың 15 қазанында тұрмыстық қарым-қатынастардағы іс-әрекеттер бойынша бес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түсті.

Ұрып-соғу немесе өзге де әрекеттер жасау, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, дене ауруына әкеліп соқтыру фактілеріне қатысты ӘҚБтК-ге сәйкес санкция бойынша 10 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау көзделген.

Екі компания арасындағы 80 миллионнан астам теңгенің дауы медиация тәртібінде шешілді

17/07/2018

2017 жылдың соңында шетелдік компания мен қостанайлық кәсіпорынның арасында бидай ұнын жеткізуге қатысты шарт жасалған. Тиісті төлем 2018 жылғы қаңтарда жасалған, шарттың қосымшасы бойынша тауар 30 сәуірге дейін жіберілуі керек еді. Алайда жауапкер көрсеткен мерзімде бидайды тиемеген.

Шетелдік компания Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріп, онда өз пайдасына жауапкерден 87 107 200 теңге негізгі қарыз бен сот шығындарын өндіруді сұраған.

Қостанайда судьялар медиативтік және коммуникативтік дағдыларға даярлықтан өтті

05/07/2018

Қостанай облыстық сотында: «Судьялардың қызметіндегі медиативтік және коммуникациялық дағдылар. Сот актілері сапасының өзекті өлшемдері: жаңа формат» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарды Жоғарғы Соттың судьялары Айгүл Сапарова, Гүлжан Алмағамбетова және Лариса Шепелева, Ф.Эберт атындағы Қоры Қазақстандағы өкілдігінің Басшысы Зәуреш Шутова, сарапшы-конфликтолог, шешендік өнер бойынша тренер Меруерт Жүнүсбек өткізді.

Беттер