Жоғарғы Сот зейнеткер әйелдің пәтерін қайтарып берді
Оралдық егде жастағы зейнеткер әйел Надежда Арыкова дәрменсіз жағдайда екенін ұғынып, өзінің пәтерін сыйға тарту жөнінде сіңлісімен сыйға тарту шартын жасасқан. Осы ретте зейнеткер әйел өзіне жақын адамның қамқорлығында бола жүріп алаңсыз қартаямын деп ойлаған-ды. Сіңлісінің өзіне осындай қамқорлық жасауына білдірер ризашылығы ретінде ол сіңлісіне өзінің пәтерін сыйға тартқан. Бұл пәтер ол қайтыс болғаннан кейін сіңлісінің иелігіне өтуге тиіс еді.