Солтүстік Қазақстан облысында соттардың төрағалары таныстырылды
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысында облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттарының қайта тағайындалған төрағаларын таныстыру болып өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Аққайың аудандық сотының төрағасы болып Нұралин Нұрлан Қайырбекұлы, М.Жұмабаев аудандық сотының төрағасы болып Әріпхан Нартай Әскербекұлы, Тайынша ауданының №3 аудандық сотының төрағасы болып Смағұлов Таңат Орынбайұлы тағайындалды.