Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды
Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті.
Мемлекеттік айыптауды Бас прокурордың орынбасары Ә.Қ.Шыңдалиев қолдады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Тоғаев өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.
Қарау нәтижесінде Жоғарғы Соттың сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, сотталғанның өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.